Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 02.04.2013 N 217 (алғаш жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) бұйрығымен.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау ережесін бекіту туралы» (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 4341 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2006 жылы, № 15, 133-құжат жарияланған) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 10 шілдедегі № 341 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау ережесінде:
2-тармақта:
«оқу ұйымдары» деген сөздер «жеке және заңды тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
«меншік» деген сөзден кейін «(бұдан әрі - оқу ұйымы)» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта «Оқыту мерзімі оқу бағдарламаларының көлеміне қарай белгіленеді.» деген сөйлем «Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау және қайта даярлау мерзімі оқу бағдарламаларының көлеміне қарай екі айдан алты айға дейін бекітіледі.» деген сөйлеммен ауыстырылсын;
6-тармақ алынып тасталсын;
барлық мәтіндегі "білім беру ұйымдарында", "білім беру ұйымы", "білім беру ұйымдары", "білім беру ұйымының" сөздері сәйкес "оқу ұйымдарында" , "оқу ұйымы", "оқу ұйымдары", "оқу ұйымының" сөздеріне ауыстырылсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Оқу ұйымдарына Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасымен қарастырылған тәртіпте оқу процесінің бұзылуына ықпал ету шаралары қолданылады.»;
12-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацындағы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 12 қазандағы N 343 бұйрығымен бекітілген Көлік құралдарын жүргізу құқығын алудың, емтихандар қабылдаудың, азаматтарға жүргізуші куәліктерін берудің тәртібі туралы ережелерге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде рет саны N 679 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша» деген сөздер алынып тасталсын;
32-тармақта «енгізілуі мүмкін» деген сөздер «енгізіледі» деген сөзбен ауыстырылсын;
39-тармақ мынандай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Арыз берілген сәттен бастап бір жұмыс күн ішінде.»;
40-тармақ мынандай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Оқу бітіргені туралы куәліктің жарамдылық мерзімі жүргізуші куәлігін алған кезде аяқталады.»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Оқу ұйымдарының құжаттарының сақталуы және жойылуы «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік ережелерін, Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде жасалатын үлгілік құжаттардың тізбесін сақтау мерзімдерін көрсете отырып бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 128 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 5834 тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.».
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор А.Ж. Күреңбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетіне (Қ.С. Тыныбеков) жүктелсін.
3. Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (Қ.С. Тыныбеков) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр С. Баймағанбетов