Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің аумақтарындағы реттелмелі туризм мен рекреацияның ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрдің м.а. 2010 жылғы 01 қыркүйектегі N 557 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 30 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6516 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 5 қазандағы № 17-03/504 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.05 № 17-03/504 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 46-бабының 1-тармағына сэйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің аумақтарындағы реттелмелі туризм мен рекреацияның ережесі бекітілсін.
      2. «Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің аумақтарындағы реттелмелі туризм мен рекреацияның ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасының 2007 жылғы 9 ақпандағы № 56 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4564 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жылғы 11 тамызда № 119 (1322) жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департамент! (Ж.Ы. Омаров) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.                                  Е. Аман

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2010 жылғы 1 қыркүйектегі  
N 557 бұйрығымен бекітілген 

Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағындағы реттелмелі
туризм мен рекреация ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағындағы реттелмелі туризм мен рекреация ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 46-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ұлттық табиғи парктер (бұдан әрі - ұлттық парк) аумағында реттелмелі туризм мен рекреацияны өткізу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) туристік соқпақ (бұдан әрі - соқпақ) - жаяу немесе атпен (салт атпен) жүруге арналған жердің созылмалы учаскесі;
      2) туристік маршрут (бұдан әрі - маршрут) туристің (саяхат кезінде) танымдық, спорттық, эстетикалық не өзге де мақсаттармен өту, қарау үшін белгіленген барлық географиялық мекендердің, болу объектілерінің тізбесін көрсететін жүру жолы;
      3) рекреация - дем алудың барлық түрін қамтитын ұғым. Тұрғын үйден тыс жерде, әуесқойлық (спорттық) аң аулау мен балық аулауды қоса алғанда, табиғат аясында дем алу арқылы денсаулық пен еңбекке қабілеттілікті қалпына келтіру.
      3. Ұлттық парктердің аумағында туроператорлық лицензиясы бар болса реттелмелі туризм мен рекреация:
      1) тікелей ұлттық паркпен;
      2) реттелмелі туризм мен рекреацияны қамтамасыз ету бойынша қызметті жүзеге асыруға табиғат қорғау мекемесі беретін рұқсаттамалардың және ұлттық парктермен бекітілетін шарттардың негізінде заңды тұлғалармен жүзеге асырылады. Осы рұқсаттамалар және (немесе) шарттар қарамағында ұлттық парктер бар мемлекеттік органдармен келісілуі тиіс.
      4. Реттелмелі туризм мен рекреация, оның ішінде рекреациялық орталықтарды, қонақүйлер, кемпингтер, мұражайлар және туристерге қызмет көрсетудің басқа да объектілерін орналастыруға және оларды пайдалануға, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға, туристік маршруттар, соқпақтар ұйымдастыруға, дем алу алаңқайлары мен тамашалау алаңдарын құруға рекреациялық жүктемелер нормаларын ескере отырып, туристік және рекреациялық қызмет, шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында рұқсат етіледі.
      5. Арнайы бөлінген учаскелерде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға шектеулі шаруашылық қызмет аймағында рұқсат етіледі.

2. Ұлттық парктер аумағындағы реттелмелі туризм
мен рекреация

      6. Ұлттық парктердің аумағындағы туристік соқпақтар мен маршруттарды ұлттық парктің әкімшілігі, ұлттық парктің әкімшілігімен келісім бойынша туроператорлар мен жобалайды және оларды Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттарының талаптарына сәйкес уәкілетті орган бекітеді.
      7. Соқпақтар және маршруттар:
      қозғалу түрлері бойынша жаяу жүріс, велосипедпен, автомобильмен, мотоциклмен, желкенді қайықпен, салт атпен жүру, сондай-ақ олардың үйлесім тапқан нұсқасы - аралас соқпақтарға (маршруттар);
      қозғалыс бағыты бойынша желілік, айналма, радиалды;
      қолданыс уақыты бойынша жыл бойы, маусымдыққа;
      ұйымдастыру нысаны бойынша топтық және жеке болып жіктестіріледі.
      8. Соқпақты (маршрутты) жобалау ол өтетін аумаққа экспедициялық зерттеу жүргізуді көздейді.
      Соқпақты (маршрутты) жобалау мыналарды көздейді:
      қыстамалардың, дем алу алаңқайларының, көлікке арналған тұрақтардың, кемпингтердің, шатырлы лагерьлердің, тамашалау алаңдарының, суретке түсіру және қоғамдық тамақтандыру орындарының, туристік әбзелдердің, құрал-саймандардың және көлік құралдарының қажетті мөлшерінің есеп-қисабы;
      туризм бойынша нұсқаушылар, басқа да қызмет көрсетушілер жөніндегі қажеттілікті айқындау және оларды даярлауды ұйымдастыру, жорық жолы сипатталған жарнама-ақпараттық материалдар дайындау;
      рекреациялық жүктеменің есебі.
      Зерттеу экологиялық және санитариялық-гигиеналық нормалар мен талаптарға сай келетін, сондай-ақ туризмнің нақты түрін дамытудың шынайы мүмкіндіктерін ескере отырып, табиғи жағдайлары қолайлы аумақтар бойынша жүзеге асырылады.
      Соқпақты (маршрутты) жобалау кезінде оны қауіпсіз жүріп-өту үшін қажет нұсқаушылардың біліктілігі, оның ұзақтығы, ауданның климаттық, географиялық көрсеткіштері, таудың еңістігі, өзендер ағысының жылдамдығы және басқа да көрсеткіштер ескеріледі.
      9. Жергілікті кедергілер (асулар, шыңдар және басқалар) және туризмнің жекелеген түрлеріне тән өзге де факторлар (ауданы, биік жерлердің жалпы құбылуы, дербестігі) жобалау кезінде соқпақтың (маршруттың) күрделілігін айқындайтын негізгі көрсеткіштер болып табылады. Аралас соқпақтың (маршруттың) күрделілігі кедергілердің мөлшеріне және маршрутқа енгізілген туризмнің эр түрлерінің элементтеріне байланысты анықталады.
      10. Соқпақтар (маршруттар) жалғаса беретін күйінде жоспарланады. Соқпақ (маршрут) (өзендер, тау алқаптары) учаскелерін немесе жергілікті кедергілерді байланыстырған жағдайда, егер бұл оның тұтастығын бұзбаса, осы туристік аудан шегінде көлік пайдалануға рұқсат етіледі.
      11. Соқпақтар (маршруттар) құру кемпингтерді, мотельдерді, дем алу алаңқайларын, тамашалау алаңдарын, шатырлы лагерьлерді, автокөлік тұрақтарын, суретке түсіру және қоғамдық тамақтандыру орындарын орналастыру рекреациялық жүктеме нормаларын ескере отырып, бір мезгілде жүзеге асырылады.
      12. Соқпақпен (маршрутпен) дайындалмаған туристер жүріп өткен кезде аялдау орындарын 2-3 километр қашықтықта орналастырылады.
      Тұрақтар қажетті шағын нысанды құрылыстармен (демалу орындары, орындықтар, қоқыс бактары және тағы сол сияқтылар) және бірінші медициналық көмек корсету құралдарымен қамтамасыз етіледі. Тұраққа қызметтік құрылыстар мен қорық аумағында олар алып отырған учаскелерді пайдаланған жөн.
      13. Су бөгеттері мен өтуі қиын учаскелер кешіп өту, төсеме, аспалы және ағаш көпірлермен қамтамасыз етіледі.
      14. Бүкіл соқпақтың (маршруттың) өн бойында ерекше назар аударуды, жекелеген режим талаптарын сақтауды талап ететін учаскелер шектеліп, жазу жазылған тақтайшалармен (табличкалармен), көрсеткіштермен және аншлагтармен белгіленеді.
      15. Күрделі учаскелерден өту кезінде оларды айналып өтудің сақтық нұсқалары көзделеді.
      16. Соқпақ (маршрут) бойынша жүріп өту кезінде қауіпсіздік жөніндегі шараларды айқындау «Туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабына сәйкес жүргізіледі.
      17. Соқпақ (маршрут) паспортының жобасы осы Ереженің қосымшасына сәйкес паспорт түрінде рәсімделеді.
      18. Соқпақ (маршрут) паспортының деректері ұлттық парктің паспортына, сондай-ақ осы объектілерді одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын туристік операторлар мен туристік агенттердің туристік маршруттарының тізіліміне енгізіледі.
      19. Жеке тұлғалардың ұлттық парктерде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ақылы негізде дем алу, туристік және рекреациялық іс-шараларға қатысу, өз мұқтаждығы үшін жабайы жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер, дәрі-дәрмектік шикізаттар және өзге де орман ресурстарын жинау мақсатында болуға құқығы бар.

Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер
аумағындағы реттелмелі туризм мен
рекреация ережесіне     
қосымша            

Нысан

Туристік соқпақтың (маршруттың) Паспорты

      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың (бұдан әрі - ЕҚТА) атауы
      ______________________________________________________________
      2. Соқпақтың (маршруттың) атауы ______________________________
      3. Соқпақтың (маршруттың) жіктемесі:
      1) қозғалыс жасау түрі бойынша: жаяу жүріс, су, шаңғы, велосипед, салт атты, автомобиль, мотоцикл, ат-арба, аралас;
      2) қолданыс уақыты бойынша: жыл бойы, маусымдық;
      3) ұйымдастыру нысаны бойынша: топтық және жеке;
      4. ___________________________________________________________
                  (негізгі географиялық пункттердің атауы)
      5. Қашықтығы ____километр (км), аялдаманы ескере отырып, уақыт ұзақтығы ____________сағат.
      6. Соқпақтың (маршруттың) жұмыс істеу мерзімі.
      7. Топтағы адамдардың ең көп саны; шектеу немен байланысты (тамашалау алаңының үлкендігімен, психикалық жайлы шегімен, рекреациялық жүктеме нормаларымен). Бір аптаға немесе бір айға (рекреациялық жүктеме) экскурсиялық топтардың лимиттері.
      8. Экскурсия маусымының ішіндегі әртүрлі кезеңдер бойынша жол берілетін рекреациялық жүктемелер (егер маусым ішіндегі қандай да бір кезеңде жүктемені төмендету қажет болса, мысалы, балапандар басу кезінде құстардың мазасын алмау).
      9. Соқпақ арқылы экскурсия ұйымдастырушысынсыз жүріп өту мүмкіндігі.
      Соқпақ қалай таңбаланған. Өзіңмен бірге киімнен (мысалы, егер соқпақта үңгірде болу жоспарланса, арнайы киім) немесе аяқ киімнен (мысалы, егер аяқты сулап алу, яғни арнайы ағаш төсенішсіз сулап алу қауіпі бар батпақты учаскелер болса, етік) не алу керек.
      10. Соқпақта жүріп-тұрудың ерекше ережелері осы ЕҚТА-да жүріп-тұрудың жалпы ережелеріне қосымша, мысалы, соқпақтан шығып кетпеу, тік жардың шетіне бармау, өзге де сақтық шараларын сақтау).
      11. Қауіпсіздік шаралары.
      12. Соқпақпен (маршрутпен) жүріп өту жоспары:

р/с №

Соқпақ (маршрут) учаскелері

Ұзақтығы, км

Қозғалыс уақыты

Аялдау уақыты

Тамашалау алаңының, суретке түсіру бекеттерінің №

бастап

дейін















Барлығы:





      13. Соқпақ (маршрут) сызбасы (баспахана шығарған карталарды және соқпақ (маршрут) белгіленген масштабы 1:200000 кем болмайтын сызбаларды желімдеп жапсырып қоюға болады).
      14. Шартты белгілер:
      соқпақтар (маршруттар);
      сақтық нұсқалар;
      түнеу орындары;
      паналау орындары;
      паналайтын орындар;
      медициналық жәрдем бекеттері;
      байланыс бекеттері (байланыс түрі көрсетілсін);
      15. Соқпақтың (маршруттың) қысқаша сипаттамасы (сипаты).
      16. Соқпақ (маршрут) бойындағы және тамашалау (шолу) алаңдарындағы қарап-көру объектілерінің қысқаша сипаттамасы.
      17. Соқпақтың (маршруттың) күрделі учаскелерінің қысқаша сипаттамасы.
      18. Ықтимал стихиялық құбылыстар мен олар орын алған кезде топтың іс-қимылы.
      19. Жолдамаға ақпараттық парақшаның мәтіні үшін ұсынымдар.
      Туристік жабдықтарға, киімге, аяқ-киімге, жүріс-тұрысқа қатысты ұсынымдар енгізіледі________________________________________________
      ______________________________________________________________
      20. Соқпақты (маршрутты) абаттандыру
      Таңбалау______________________________________________________
      Соқпақтың (маршруттың) аялдау, паналау орындары, оны
абаттандыру_________________________________________________________
      21. Мемлекеттік табиғи қорықтың ғылыми-техникалық кеңесінің шешімі.
      Соқпақты әзірлеуге және паспортын ресімдеуге жауапты адам
      ______________________________________________________________
      22. Паспорт 20____жылы________данада жасалды.
      23. 20____жылы________ ________беттерге өзгерістер енгізілді.
          20____жылы________ ________беттерге өзгерістер енгізілді.
      24. Паспорт даналары жіберілді:
      ______________________________________________________________
      ______________________________________________________________
      ______________________________________________________________

      «Келісілді»___________________________________________________
                     (ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы
                      уәкілетті органның аумақтық органының басшысы)

                               20___жылғы «____»____________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады