Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізбесі және туристік маршруттар мен жолдардың мемлекеттік тізбесін жасау және жүргізу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2008 жылғы 23 қазандағы N 01-08/180 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 30 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5350 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 255 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.02.2015 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізбесі және туристік маршруттар мен жолдардың мемлекеттік тізбесін жасау және жүргізу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризмді дамыту және халықаралық ынтымақтастық департаменті (К.Т. Әбуов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ә.Х. Пірметов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі Қ.А. Өскенбаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасы
      Туризм және спорт министрінің
      міндетін атқарушы                             Қ. Өскенбаев

Қазақстан Республикасы   
Туризм және спорт министрінің
міндетін атқарушының     
2008 жылғы 23 қазандағы   
N 01-08/180 бұйрығымен  
бекітілген         

Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізбесі және туристік маршруттар мен жолдардың мемлекеттік тізбесін жасау және жүргізу ережелері 1. Жалпы жағдай

      1. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізбесі және туристік маршруттар мен жолдардың мемлекеттік тізбесін жасау және жүргізудің осы ережелері (бұдан әрі – тізбелер) "Туристік қызметті жүзеге асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалды.
      2. Тізбелер Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетімен (бұдан әрі – Комитет) жасалады және жүргізіледі.

2. Тізімдерді жасау және жүргізу

      3. Тізбелер облыс (мемлекеттік маңызы бар қала, астана) әкімшіліктері ұсынған мәліметтердің негізінде жасалады.
      4. Тізбелерді жүргізудің астарында:
      1) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар және туристік маршруттар мен жолдар туралы мәліметтерді енгізу;
      2) облыс (мемлекеттік маңызы бар қала, астана) әкімдіктері ұсынған мәліметтер өзгерген тізімдерді жаңарту;
      3) уәкілетті органның веб-сайтында тізімдерді жариялау түсіндіріледі;
      5. Облыс (мемлекеттік маңызы бар қала, астана) әкімдіктері осы Ережелердің Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізбесінің нысанына ( 1 қосымша ) және Туристік маршруттар мен жолдардың мемлекеттік тізбесіне ( 2 қосымша ) сәйкес тізімдерге қосу үшін туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен ұсынылған туристік қызмет және (немесе) мәліметтер нарығы негізінде қажетті ақпаратты сәйкес әкімшілік-аумақтық талдау бірліктің аумағында жасайды және әр тоқсанда Комитетке ұсынады.
      6. Тізбелер қағаз (журнал) және электронды (компьютер) тасығыштарда жүргізіледі. Журналдар нөмірленіп, тігінделіп және Комитет мөрімен басылуы керек.
      7. Тізбелер мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады. Тізбелерді тек қара және көк түсті сиямен толтыру рұқсат етіледі, оның мәтінінде коррекциялық сұйықтықтарды пайдаланып тазартуға рұқсат етілмейді.
      Тізбелерден үзінділер Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Интернеттегі ресми сайтында жарияланады.
      Қазақстан Республикасы мүдделі мемлекеттік органдардың сұрауы, жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша Комитет тізбеге енгізілген мәліметтерді ұсынады.

3. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізбесі

      8. Туристік қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік тұлғалардың тізімі туристік қызмет түрлері бойынша төрт тараудан тұрады:
      "1. Туроператорлар";
      "2. Турагенттер";
      "3. Туризм нұсқаушылары";
      "4. Туристік қызмет көрсетуді өздігінен жүзеге асыратын экскурсоводтар, гидтер (гид-аудармашылар)".
      9. "1. Туроператорлар" бөлімі мыналарды білдіретін бағандардан тұрады:
      1 баған – реттік нөмір;
      2 баған – заңды тұлғаның аталуы немесе жеке кәсіпкердің аты-жөні;
      3 баған – лицензия берілген күні және нөмірі;
      4 баған – іс жүзінде тұрған жері, телефоны және электронды адресі;
      5 баған – жеке туристік қызметтерді көрсете отырып, турөнім туралы және туристік өнімге кіретін, жеке туристік қызметтерді жүзеге асыратын үшінші тұлғалар туралы мәлімет;
      10. "2. Турагенттер" бөлімі мыналарды білдіретін бағандардан тұрады:
      1 баған – реттік нөмір;
      2 баған – заңды тұлғаның аталуы немесе жеке кәсіпкердің аты-жөні;
      3 баған – лицензия берілген күні және нөмірі;
      4 баған – іс жүзінде тұрған жері, телефоны және электронды адресі;
      5 баған – туристік қызметтердің жиынтығын көрсете отырып, жүзеге асырылатын турөнім және әрбір турөнімді жүзеге асыруға құқықтың пайда болу негіздері туралы мәліметтер.
      11. "3. Туризм нұсқаушылары" бөлімі мыналарды білдіретін бағандардан тұрады:
      1 баған – реттік нөмір;
      2 баған – жеке кәсіпкердің аты-жөні;
      3 баған – лицензия берілген күні және нөмірі;
      4 баған – іс жүзінде тұрған жері, телефоны және электронды адресі;
      5 баған – туристің жүру жолдарын көрсете отырып, туристік маршрут туралы мәліметтер.
      12. "4. Туристік қызмет көрсетуді өздігінен жүзеге асыратын экскурсоводтар, гидтер (гид-аудармашылар)" бөлімі мыналарды білдіретін бағандардан тұрады:
      1 баған – реттік нөмір;
      2 баған – жеке кәсіпкердің туризм нұсқаушысының аты-жөні;
      3 баған – білімі туралы құжаттың мәліметтері;
      4 баған – іс жүзінде тұрған жері, телефоны және электронды адресі;
      5 баған – туристің уақытша болатын жерді, баратын туристік ресурстарды көрсете отырып, экскурсия және экскурсияны жүргізу тілі туралы мәліметтер.

4. Туристік маршруттар мен жолдардың мемлекеттік тізбесі

      13. Туристік маршруттар мен жолдардың мемлекеттік тізімі мыналарды білдіретін бағандардан тұрады:
      1 баған – реттік нөмір;
      2 баған – заңды тұлғаның аталуы немесе жеке кәсіпкердің аты-жөні;
      3 баған – туристік қызметтің түрі;
      4 баған – туристік маршрут пен жолдың аталуы;
      5 баған – бару мақсаты;
      6 баған – туристің жүру жолы;
      7 баған – туристік маршрут пен жолдың ұзақтығы.

                                          Туристік қызметті жүзеге
                                     асыратын тұлғалардың мемлекеттік
                                     тізбесі және туристік маршруттар
                                        мен жолдардың мемлекеттік
                                       тізбесін жасау және жүргізу
                                         ережесінің 1-қосымшасы

          Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың
                мемлекеттік тізбесінің нысаны

1. Туроператорлар

N

Заңды тұлғаның аталуы немесе жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты

Лицензия берілген күні және нөмірі

Іс жүзінде тұрған жері, телефоны және электронды адресі

Жеке туристік қызметтерді көрсете отырып, турөнім туралы және туристік өнімге кіретін, жеке туристік қызметтерді жүзеге асыратын үшінші тұлғалар туралы мәлімет

1

2

3

4

5






2. Турагенттер

N

Заңды тұлғаның аталуы немесе жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты

Лицензия берілген күні және нөмірі

Іс жүзінде тұрған жері, телефоны және электронды адресі

Туристік қызметтердің жиынтығын көрсете отырып, жүзеге асырылатын турөнім және турөнімді жүзеге асыруға құқықтың пайда болу негіздері туралы мәліметтер

1

2

3

4

5






3. Туризм нұсқаушылары

N

Жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты

Лицензия берілген күні және нөмірі

Іс жүзінде тұрған жері, телефоны және электронды адресі

Туристің жүру жолдарын көрсете отырып, туристік маршрут туралы мәліметтер

1

2

3

4

5






4. Туристік қызмет көрсетуді өздігінен жүзеге асыратын экскурсоводтар, гидтер (гид-аудармашылар)

N

Жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты

Білімі туралы құжаттың мәліметтері

Іс жүзінде тұрған жері, телефоны және электронды адресі

Туристің уақытша болатын жерді, баратын туристік ресурстарды көрсете отырып, экскурсия және экскурсияны жүргізу тілі туралы мәлімет

1

2

3

4

5






      
  М.О.                                                        Қолы

                                         Туристік қызметті жүзеге
                                     асыратын тұлғалардың мемлекеттік
                                     тізбесі және туристік маршруттар
                                        мен жолдардың мемлекеттік
                                       тізбесін жасау және жүргізу
                                         ережесінің 2-қосымшасы

     Туристік маршруттар мен жолдардың мемлекеттік тізбесі

N

Заңды тұлғаның аталуы немесе жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты

Туристік қызметтің түрі

Туристік маршрут пен жолдың аталуы

Бару мақсаты

Туристің жүру жолы

Туристік маршрут пен жолдың ұзақтығы

1

2

3

4

5

6

7






















М.О.                                                         Қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады