Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы № 395/52-VI шешімі. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 шілдеде № 1235 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 30.06.2023 № 44/5-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы кодексі 576-бабы 8-тармағын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 30.06.2023 № 44/5-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы ставкалары осы шешімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 30.06.2023 № 44/5-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. "Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкалары туралы" Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 30 наурыздағы № 322/45-IV шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 623 нөмірімен тіркелген, 2010 жылдың 1 мамырында "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихаты сессиясының төрағасы
А. Күрішбаев
      Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының хатшысы
Ж. Нұрпейісов

  Астана қаласы мәслихатының
2019 жылғы 27 маусымдағы
№ 395/52-VI шешіміне
қосымша

Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы ставкалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 30.06.2023 № 44/5-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:

Р/с

Отын түрі

Пайдаланған отынның 1 тоннасы үшін ставка (айлық есептік көрсеткіш)

1.

Этилденбеген бензин

0,66

2.

Дизель отыны

0,9

3.

Сұйытылған, сығылған газ

0,35

4.

Керосин

0,48

      2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы кодексі 576-бабының 2, 3, 5, 6-тармақтарына сәйкес төлемақы ставкалары өзгеріссіз қабылдансын.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады