«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 13-бабының 4) тармақшасына, сәйкес, Астана қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, қалалық ономастика комиссиясының 2010 жылғы 8 сәуірдегі № 12 шешімі негізінде Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 04.12.2014 № 110-2043 қаулысы және мәслихатының 11.12.2014 № 312/45-V (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. «Алматы» ауданының жобалау атауы № 23-22 даңғылға – Рақымжан Қошқарбаев даңғылы атауы берілсін.
2. Төмендегі көшелер:
«Алматы» ауданы бойынша:
17 және 18 бекеттер аралығындағы Балочный көшесі – Сарысу деп;
19 және 20 бекеттер аралығындағы Балочный көшесі – Шағыл деп;
75 бекеттегі Песчаный көшесі – Алтынқұм деп;
76 бекеттегі Песчаный көшесі – Қарақұм деп;
«Есіл» ауданы бойынша:
«Шұбар» тұрғын алабында:
Қызғалдақ көшесі – «Нормандия-Неман» эскадрильясі көшесі деп қайта аталсын.
3. Астана қаласы Алматы және Есіл аудандарының әкімдері, «Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шара қабылдасын.
4. Осы Астана қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының
әкімі И. Тасмағамбетов
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы Ю. Келигов
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы В. Редкокашин