Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 7 маусымдағы № 252/32-III «Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 28 мамырдағы N 355/48-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2010 жылғы 24 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 634 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы N 432/58-IV Шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2011.03.03  N 432/58-IV (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі туралы» Заңын басшылыққа ала отырып Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 7 маусымдағы № 252/32-III «Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2006 жылғы 27 шілдеде № 447 болып тіркелген, 2006 жылғы 3 тамызда «Астана хабары», 2006 жылғы 8 және 10 тамызда «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
      осы шешіммен бекітілген Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидаларында:
      1-бөлімдегі 1-тарау «Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар» келесі мазмұндағы 12, 13-азат жолдарымен толықтырылсын:
      «мұзды құрылыстары – қолданбалы қолөнері сипатындағы мұздан жасалған көркемөнер туындысы болып табылады, қысқа мерзімдік құрылыстарға жатады және жылдың суық (аязды) кезеңінде мұз блоктарын тұрғызу барысында тұтас тас кесегіне айналдыру арқылы, жекелеген жағдайда ішкі темір құрастыру құрылымдардан тұрғызылады;
      мұз қалашық – мұзды құрылыстар жиынтығы;»;
      5-бөлім келесі мазмұндағы 18-1 тараумен толықтырылсын:
      «18-1-тарау. Мұз құрылыстары
      98-1. Мұз құрылыстары жобасыз, мұз қалашығының ең үздік құрылғысына алдын ала жарияланған конкурс бойынша тұрғызылады.
      98-2. Мұз қалашығы Астана қаласы әкімінің шешімімен қала алаңдарында қала құрылысы кеңесі бекіткен нобай жобалар бойынша салынуы мүмкін. Қажет болған жағдайда берілген тақырып бойынша мұз қалашығының нобай жобасына ашық конкурстар жариялануы мүмкін.
      98-3. Мұз қалашығын көркемдік орнату жөнінде тәжірибесі бар (мамандандырылған заңды тұлғалар және с.с) мұз құрылыстарын салу конкурсын жеңіп алған заңды тұлғалар:
      1) мұз қалашығын пайдалану және мұз құрылыстарын қaуіпciз пайдалануды қамтамасыз ету жөнінде кепілдемелік міндеттемелерді ұсынуға;
      2) тұрғызылған мұз құрылыстарының бекітілген нобай жобасына сәйкес болуын қамтамасыз ету;
      3) ауа райының күрт жылынып кетуі салдарынан мұз қалашығы келушілер үшін жабылу және мұз құрылыстарын бұзу мүмкін болу кезеңін қоспағанда, пайдалану кезеңінде мұз құрылыстарының мықтылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету;
      4) мұз құрылыстары беттерінің тегіс, томпақсыз, құдықтарсыз және шығып тұратын металл конструкцияларсыз болуын қамтамасыз ету тиіс.
      98-4. Температуралық режим мен ауа райы жағдайына, сондай-ақ мұз құрылыстарының жай-күйіне қарай мұз құрылыстарын пайдаланудың барынша мерзімі - 2,5-3 ай.
      98-5. Мұз құрылыстарын пайдалануды аяқтау, бұзу және шығару уақытын Астана қаласы әкімдігінің келісімі бойынша пайдаланушы ұйым белгілейді және белгіленген тәртіппен акт жасайды.
      98-6. Конкурс бойынша мұз қалашығының құрылыстарын салу кезінде оны пайдаланумен коммуналдық қызметтер айналысады.
      98-7. Бекітілген нобай жобалары бойынша мұз қалашығын тұрғызған кезде уақытша пайдалануға қабылдауды Астана қаласының мемлекеттік қабылдау комиссиясы жүзеге асырады. Қалған жағдайларда мұз қалашығын пайдалану уақытша пайдалану үшін пайдаланушы ұйымның теңгеріміне қабылдау актісімен жүзеге асырылады.».
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

      Астана қаласы
      мәслихатының төрағасы                       Ю. Келигов

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                     В. Редкокашин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады