"Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 наурыздағы № 3-1-618қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 24 маусымдағы N 23-562қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2010 жылғы 26 шілдеде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 643 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 22 қарашадағы N 23-1097қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2010.11.22 N 23-1097қ қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 12 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 наурыздағы № 3-1-618қ қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 26 наурызда № 321 болып тіркелген; 2004 жылғы 10 сәуірдегі № 47 «Астана хабары», 2004 жылғы 8 сәуірдегі № 40 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасында:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Әлеуметтік қолдау көрсету осы Ереженің 1-тармағында көрсетілген тұлғалардың өтініштері және мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:
      1) жеке куәліктің көшірмесі;
      2) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі берген мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі;
      3) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі;
      4) банктік шот ашылғандығын растайтын құжаттың көшірмесі.
      Әлеуметтік қолдау көрсету өтініш берген айдан бастап жүзеге асырылады.».
      2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның бірінші рет ресми түрде жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Әкiм                                         И. Тасмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады