Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 4С-19-2 "2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облыстық мәслихатының 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 4C-24-2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 28 сәуірде № 3353 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2011 жылғы 10 маусымдағы № 4С-33-11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2011.06.10 № 4С-33-11 шешімімен.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106 бабының 2 тармағының 1 тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақмола облыстық мәслихатының «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 4С-19-2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3342 тіркелген, 2010 жылдың 21 қаңтарында «Арқа ажары» газетінде, 2010 жылдың 21 қаңтарында «Акмолинская правда» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1 тармақта:
      1 тармақшада:
      «89 823 606,7» цифрлары «89 873 606,7» цифрларына ауыстырылсын;
      «7 616 866» цифрлары «7 802 234,3» цифрларына ауыстырылсын;
      2 тармақшада:
      «90 250 424,7» цифрлары «90 300 424,7» цифрларына ауыстырылсын;
      көрсетілген шешімнің 1 қосымшасында:
      «І. Кірістер» бөлімінде:
      «89 823 606,7» цифрлары «89 873 606,7» цифрларына ауыстырылсын;
      «Салықтық түсімдер» 1 санаты бойынша «7 752 234,3» цифрлары «7 802 234,3» цифрларына ауыстырылсын
      «Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар» 05 сыныбы бойынша «910 275,3» цифрлары «960 275,3» цифрларына ауыстырылсын;
      «Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер» 3 ішкі сыныбы бойынша «910 275,3» цифрлары «960 275,3» цифрларына ауыстырылсын.
      «II. Шығындар» бөлімінде:
      «90 250 424,7» цифрлары «90 300 424,7» цифрларына ауыстырылсын;
      «Трансферттер» 15 функционалдық тобындағы «25 110 976,3» цифрлары «25 160 976,3» цифрларына ауыстырылсын;
      «Облыстың қаржы басқармасы» 257 бюджеттік бағдарлама әкімгері бойынша «25 110 976,3» цифрлары «25 160 976,3» цифрларына ауыстырылсын;
      «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар іс-шаралар жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» 029 бюджеттік бағдарламасы бойынша «50 000» цифрлары «100 000» цифрларына ауыстырылсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      Ақмола облыстық
      мәслихаты хатшысының
      міндетін атқарушы                          Г.Марченкова

      КЕЛІСІЛДІ:

      Ақмола облысының әкімі                     С. Дьяченко

      Ақмола облысының экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      басқармасының бастығы                      М. Тақамбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады