Зеренді және Целиноград аудандары бойынша Ақмола облысынының кейбір елді мекендері мен ауылдық округтерінің атауларын қайта атау және транскрипцияларын өзгерту туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 6 сәуірдегі № А-4/106 қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 4С-23-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 14 мамырда № 3359 тіркелді

      Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «селосы», «селолық» деген сөздер «ауылы», «ауылдық» деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.02.2015 № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11 бабына сәйкес, Зеренді ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 24 шілдедегі № 232 қаулысы мен Зеренді аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 шілдедегі № 19-119 шешімі, Целиноград ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 қазандағы № 239 қаулысы мен Целиноград аудандық мәслихатының 2009 жылғы 28 қазандағы № 150/23-4 шешімі негізінде және Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі облыстық комиссияның 2009 жылғы 23 желтоқсандағы шешіміне байланысты Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысының кейбір елді мекендері мен ауылдық округтерінің атаулары қайта аталсын және транскрипциялары өзгертілсін:
      1) Зеренді ауданы бойынша:
      Чаглинка ауылдық округінің Первомайское ауылы Ескенежал ауылына;
      Қанай би атындағы ауылдық округтің Октябрь ауылы Желтау ауылына;
      Пухальск ауылдық округінің Пухальское ауылы Мәлік Ғабдуллин ауылына;
      Пухальск ауылдық округі Мәлік Ғабдуллин ауылдық округіне.
      2) Целиноград ауданы бойынша:
      Челкар ауылдық округінің Егіндікөл ауылы Шалқар ауылына;
      Челкар ауылдық округі Шалқар ауылдық округіне;
      Кощи ауылы Қосшы ауылына;
      Кощи ауылдық округі Қосшы ауылдық округіне.
      2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
      әкімі                                      С.Дьяченко

      Сессия төрағасы,
      Ақмола облыстық
      мәслихатының хатшысы                       Ө.Мұсабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады