Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 27.06.2024 № 8С-11-8 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 12 бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облыстық мәслихатының 26.04.2021 № 7С-3-5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Ақмола облысында тұратын азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүру ұсынылсын.
2. Еріп баратын тұлғаны алуға құқығы бар:
18 жасқа дейінгі балалардың;
көзі көру бойынша бірінші және екінші топтағы мүгедектердің;
бірінші топтағы мүгедектер мен дәрігерлік-кеңестік комиссияның қорытындысы бойынша науқастардың.
3. Емделу үшін теміржол көлігімен (бірақ купелік вагон билетінің құнынан аспайтын мөлшерде), қалааралық автомобиль көлігімен жүргенде, науқас пен еріп баратын тұлғаның жол ақысының құнын төлеу екі жақ шетіне де жүргізіледі.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы |
М.Қамзебаев |
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы |
Ө.Мұсабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы |
В.Маджуга |
Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы |
М.Тақамбаев |