Мүлікті есептен шығару бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № А-7/251 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 16 тамыздағы № 3370 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № А-6/249 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2011.06.28 № А-6/249 қаулысымен
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүлікті есептен шығару бойынша қоса беріліп отырған Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы қаулының күші 2009 жылдың 9 маусымынан бастап қалыптасқан құқықтық қатынастарға таратылады.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Д.З.Әділбековке жүктелсiн.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С. Дьяченко

Ақмола облысы әкімдігінің
16.07.2010 жылғы
№ А-7/251 қаулысымен
бекітілді

Мүлікті есептен шығару бойынша нұсқаулық

1. Жалпы ереже

      1. Осы мүлікті есептен шығару бойынша Нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және физикалық және моральдық тозу салдарынан, зілзала, апат нәтижесінде  жарамсыз болған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға (бұдан әрі – мемлекеттік кәсіпорындар) және коммуналдық мемлекеттік мекемелерге (бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер) бекітілген мүлікті есептен шығаруды нақтылайды.
      2. Нұсқаулық негізгі қаражаттарға (активтерге) жататын мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің мүлкіне таралады.
      3. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің мүліктерін есептен шығаруға қажетті құжаттарды ресімдеу осы Нұсқаулықтың  9-тармағымен белгіленген талаптарды есепке ала отырып, осы Нұсқаулықтың 4-тармағына сәйкес құрылған Комиссияның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
      4. Комиссия мемлекеттік кәсіпорын немесе мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен құрылады.
      Мемлекеттік кәсіпорында құрылатын комиссияның құрамына міндетті түрде енгізіледі:
      инженер немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысының орынбасары (Комиссия төрағасы);
      бухгалтер;
      мүлікті сақтау жауапкершілігі жүктелген тұлғалар.
      Мемлекеттік мекемелерде құрылатын комиссия құрамына міндетті түрде енгізіледі:
      Мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары (Комиссия төрағасы);
      бухгалтер;
      мүлікті сақтау жауапкершілігі жүкетелген тұлғалар.

2. Мүлікті есептен шығару механизмі

      5. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің балансынан физикалық және моральдық тозу салдарынан, олардың белгіленген қолдану мерзімі өткен соң, зілзала, апат салдарынан өндірістік маңызын толық жоғалтқан, және егер мүлікті қалпына келтіру экономикалық мақсатқа сай келмесе немесе мүмкін болмаған жағдайда мүлік есептен шығарылады.
      6. Мемлекеттік басқару органдары болып облыстық әкімдік және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып саналатын мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкін есептен шығару мемлекеттік басқару органының келісімі бойынша және «Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) жазбаша келісімінен соң жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік басқару органдары болып аудан (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдігі және аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып саналатын мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкін есептен шығару мемлекеттік басқару органының және аудандық (облыстық маңызы бар қала) қаржы бөлімінің келісімі бойынша жүзеге асырылады.
      7. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып саналатын мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығару Басқарманың келісімі бойынша жүзеге асырылады.
      Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығару мемлекеттік басқару органы және Басқарманың келісімі бойынша жүзеге асырылады.
      8. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып саналатын мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығару аудандық (облыстық маңызы бар қала ) қаржы бөлімінің келісімі бойынша жүзеге асырылады.
      Аудан (облыстық маңызы бар қала ) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығару мемлекеттік басқару органы және аудандық (облыстық маңызы бар қала) қаржы бөлімінің келісімі бойынша жүзеге асырылады.
      9. Комиссия есептен шығаруға жататын мүлікке тікелей қарау жасайды, техникалық құжаттамаларды, және де бухгалтерлік есеп мәліметтерін қолданады және оны қалпына келтіру және бұдан әрі қолдану жарамсыздығын белгілейді, осы Нұсқаулықтың 5-тармағымен анықталған есептен шығару себебін айқындайды, есептен шығарылатын мүліктердің жеке бөлшектерін, торабтарын қолдану мүмкіндігін анықтайды, оларға бағалау жасайды, олардың мерзімінен бұрын қолданыстан шығып қалуына кінәлі тұлғаларды анықтайды және акт жасайды. Егер Комиссия қызметі арнайы білімді қажет ететін болса, оның құрамына сәйкес мамандарды (сарапшыларды) енгізеді.
      Есептен шығаруға актілер бекітілгенше мүлікті бөлшектеуге және талқылауға жол берілмейді.
      Мүлікті жоюдан алынған барлық бөлшектер, түйіндер, қосалқы бөлшектер және басқа материалдық құндылықтарды (бұдан әрі – материалдар) үш топқа бөледі:
      бірінші топ – сәйкес бухгалтерлік есеп шоттарында оларды қолдану мүмкіндігі бойынша бағамен кіріске алынуына қажетті тікелей тағайындалуы бойынша әрі қарай қолдануға жарамды материалдар;
      екінші топ – ол қайталама шикізат сияқты (қара, түрлі түсті және қымбат металдардың сынықтары, көнерген материал, отын және тағы да басқалар) қолданылатын, тікелей тағайындалуы бойынша әрі қарай қолдануға жарамсыз материалдар;
      үшінші топ – ол әрі қарай қолдануға жарамсыз материалдар. Бұл топтың материалдары жоюға жатады, ол туралы акт жасалады.
      10. Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың осы Нұсқаулықтың 5-тармағында аталған себептер салдарынан мүлікті есептен шығаруы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері үшін бухгалтерлік құжаттар нысандарының альбомын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті директорының 1998 жылғы 1 желтоқсандағы бұйрықтарымен бекітілген №548 ОС-3 бюдж., № 444 және «Алғашқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 216 бұйрықтарымен бекітілген ОС-4, ОС-5 нысандар бойынша үш данадағы актілермен ресімделеді.
      11. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің мүліктерін есептен шығаруға Комиссиясымен жасалған үш данадағы актілер осы Нұсқаулықтың 6,7,8-тармақтарына сәйкес келесі құжаттарымен келісу үшін мемлекеттік басқару органына жіберіледі:
      1) Комиссия хаттамасымен;
      2) апат болған жағдайда – сәйкес тұлғамен жасалған және бекітілген уақиға актісінің көшірмесімен.
      Мемлекеттік басқару органымен келісілген есептен шығаруға құжаттар жазбаша келісім алу үшін Басқармаға (аудандық, қалалық қаржы бөлімдеріне) жіберіледі.
      12. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің мүліктерін есептен шығару актісі келісілген жағдайда жоғарғы сол бұрышына «Келісілді» деген белгі, күні, сәйкес мемлекеттік басқару органның мөрімен бекітілген басшының қолы қойылады.
      Актінің бір данасы, Комиссия хаттамасы (уақиғаның актісінің көшірмесі) сәйкес мемлекеттік басқару органында қалады, ал қалған екеуі мемлекеттік кәсіпорын немесе мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
      13. Келіспеген жағдайда, мүлікті есептен шығаруға қарсылық білдіру негіздемесімен құжаттар пакеті мемлекеттік кәсіпорынға немесе мемлекеттік мекемеге қайтарылады.

3. Қорытынды ережелер

      14. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес шешiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады