Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2010.12.29 № А-12/297 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармақтың 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-2 тармақтарына сәйкес, Ақкөл аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2010 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыздық мөлшерде жұмыс орындарының квотасын белгілесін.
2. Ақкөл ауданы әкімдігінің «Ақкөл ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарындағы жұмыс орындарының жалпы санынан мүгедектер үшін үш пайыздық мөлшерде квота белгілеу туралы» 2008 жылғы 10 қарашадағы № А–11/341 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-3-98 тіркелген, 2009 жылғы 16 қаңтарда аудандық «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины KZ» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.М.Қанатоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақкөл аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақкөл ауданы
әкімі А.Үйсімбаев