Мүгедектер үшін Ақкөл ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында жалпы жұмыс орындарының санынан үш пайыздық мөлшерде квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 10 қарашадағы № А-11/341 қаулысы. Ақмола облысы Ақкөл ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 23 желтоқсанда № 1-3-98 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № А-2/39 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2010.02.17 № А-2/39 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"Заңының 31 - бабының 1 тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2 тармағына сәйкес жұмыс іздеуде қиындық көруші мүгедектерді әлеуметтік қорғау мақсатында және оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүгедектер үшін Ақкөл ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында жалпы жұмыс орындарының санынан үш пайыздық мөлшерде квота белгіленсін.
      2. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру жөнінде (олардың басшыларымен келісе отырып) құрылатын жұмыс орындарының саны, кәсіпорындар мен ұйымдар тізбесі 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүгедектерді құрылатын жұмыс орындарына жіберуді жүзеге асырсын.
      4. Осы қаулы Ақкөл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан соң қолданысқа түседі.

      Аудан әкімі                                А.Үйсімбаев

      КЕЛІСІЛГЕН:

      "Ақкөл ауданының
      мемлекеттік мұрағаты"
      мемлекеттік мекемесінің
      директоры                                  К.Жақсылықова

Ақкөл
ауданы әкімдігінің
2008 ж. 10.11
№ А-11/341 қаулысына
қосымша

2008 жылы мүгедектерді жұмысқа орналастыру жөнінде жұмыс орындарын құрушы кәсіпорындар тізбесі

Ұйымдар атауы

Жұмыс орындарының саны

"Ақмола облысы әкімінің мұрағаттар және құжаттама басқармасының Ақкөл ауданы мемлекеттік мұрағаты" ММ

1

Жеке кәсіпкер "Савицкий"

1

Жеке кәсіпкер "Туров"

2

Жеке кәсіпкер "Захарчук"

1

"Искра" шаруа-фермерлік қожалығы

1

"Сәкен-Сәнді" шаруа-фермерлік қожалығы

2

"Сұңғат" шаруа-фермерлік қожалығы

2

"Ақкөл" селолық тұтынушлар кооперативі

2

"Алекесеевкарайгаз" ЖШС

3

"Автомобилист" ЖШС

3

"Тепловодсервис" ЖШС

1

Жиынтығы:

19

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады