Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2011.02.23 № А-56 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Аршалы ауданы халқының мақсатты топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін тұлғалар (12 айдан артық);
2) 28 жасқа дейінгі жастар;
3) бұрын жұмыс істемейтін тұлғалар;
4) уақытша және маусымдық жұмыс мерзімдерінің аяқталуына байланысты жұмыстан шыққан тұлғалар;
5) жоғары, техниқалық және кәсіби білімді бітіруші жастар;
6) жалғыз тұратын азаматтар;
7) ЖИТС және АИТВ жұқтырғандар;
8) әлеуметтік-психологиялық курстан өткен нашақорлыққа тәуелді тұлғалар.
2.Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары міндетін атқарушысы Акшинеев Бекет Тұрсынханулына жүктелсін.
3. Осы қаулы Аршалы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аршалы ауданының әкімі Маржықпаев Е.