Аршалы ауданындағы 2011 жылға халықтың мақсатты топтарына жататын адамдардың қосымша тізбелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 ақпандағы № А-56 қаулысы. Ақмола облысы Аршалы ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 16 наурызда № 1-4-183 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 маусымдағы № А-233 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 05.06.2012 № А-233 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.Аршалы ауданы халқының мақсатты топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін тұлғалар (12 айдан артық);
      2) 28 жасқа дейінгі жастар;
      3) бұрын жұмыс істемейтін тұлғалар;
      4) уақытша және маусымдық жұмыс мерзімдерінің аяқталуына байланысты жұмыстан шыққан тұлғалар;
      5) техникалық және кәсіби білімді бітіруші жастар;
      6) жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы және адамның иммун тапшылығы вирусы жұқтырылғандар;
      7) әлеуметтік-психологиялық курстан өткен нашақорлыққа тәуелді тұлғалар.
      2. Аршалы ауданы әкімдігінің «Аршалы ауданындағы халықтың мақсатты топтарына жататын адамдардың қосымша тізбелерін белгілеу туралы» 2010 жылғы 29 шілдедегі № А-329 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 1-4-173 тіркелген, 2010 жылғы 3, 4 қыркүйекте аудандық «Аршалы айнасы» және «Вперед» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Акшинеевке Б.Т. жүктелсін.
      4. Осы қаулы Аршалы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аршалы ауданының әкімі                  Е.Маржықпаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады