Ақмола облысы Атбасар ауданы Атбасар қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № А-4/98 қаулысы және Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 4С25/16 шешімі. Ақмола облысы Атбасар ауданының Әділет асқармасында 2010 жылғы 7 мамырда № 1-5-134 тіркелді

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына, тұрғындардың пікірлерін ескере отырып, Атбасар ауданы әкімдігі жанындағы тіл саясаты және онамастика жөніндегі аудандық комиссиясының 2010 жылғы 2 сәуірдегі шешіміне сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ақмола облысы Атбасар ауданы Атбасар қаласының кейбір көшелері қайта аталсын:
      1) Достық көшесі Ақан Құрманов атындағы көшесіне;
      2) Ақан Құрманов көшесі Достық көшесіне;
      3) Заводская көшесі Иван Дьяченко атындағы көшесіне;
      4) Иван Дьяченко көшесі Ынтымақ көшесіне;
      5) Заготовительная көшесі Бірлік көшесіне;
      6) Первомайское көшесі Рахымжан Қошқарбаев атындағы көшесіне;
      7) Свобода көшесі Бауыржан Момышұлы атындағы көшесіне.
      2. Осы қаулы мен шешім Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оны бірінші ресми жарияланғаннан соң күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар ауданының әкімі                    Әубәкіров Р.Ш.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Дүйсембаев М.М.

      Атбасар аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Борұмбаев Б.А.

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Атбасар ауданы әкімдігі
      жанындағы тіл саясаты және
      ономастика жөніндегі
      комиссияның төрағасы                       Қаженов Ж.Ғ.

      Атбасар аудандық
      қала құрылысы және
      сәулеттендіру білімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Кенжебаев З.З.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады