Новосельский селолық округінің Новосельское селосында бруцеллез бойынша шектеу шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар ауданы Новосельский селолық округі әкімінің 2010 жылғы 16 тамыздағы № 20 қаулысы. Ақмола облысы Атбасар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 24 қыркүйекте № 1-5-146 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы Новосельский селолық округі әкімінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы Новосельский селолық округі әкімінің 2011.02.24 № 3 шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес, Атбасар ауданының мемлекеттік бас ветеринариялық инспекторының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 01-15-176 ұсынысы негізінде, Новосельский селолық округінің әкіміШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жануарлардың жұқпалы ауруының (бруцеллез) пайда болуына байланысты Новосельский селолық округі Новосельское селосының аумағында шектеу шаралары белгіленсін.
      2. «Атбасар ауданы Новосельский селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы В.В. Григорьевке шектеу шараларын белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Новосельский селолық округі
      әкімінің міндетін атқарушы                 И. Моисеенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады