Сергеевка ауылының, Самарка ауылының, Ащыкөл ауылының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Атбасар ауданы Сергеевка селолық округі әкімінің 2010 жылғы 9 тамыздағы № 19 шешімі. Ақмола облысы Атбасар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 10 қыркүйекте № 1-5-144 тіркелді

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Атбасар ауданы Сергеевка ауылдық округі әкімінің 18.12.2014 № 6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "селосының", "селолық", "селосы" деген сөздер "ауылының", "ауылдық", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы Сергеевка ауылдық округі әкімінің 18.12.2014 № 6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып Сергеевка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Сергеевка ауылының, Самарка ауылының, Ащыкөл ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) Сергеевка ауылы:
      № 1 көшеге – Абай Құнанбаев атындағы атауы;
      № 2 көшеге – Абылайхан атындағы атауы;
      № 3 көшеге – Мұхтар Әуезов атындағы атауы;
      № 4 көшеге – Жастар атауы;
      № 5 көшеге - Сарыарқа атауы;
      № 6 көшеге – Көкше атауы;
      № 7 көшеге – Қазақстан атауы;
      № 8 көшеге – Ілияс Есенберлин атындағы атауы;
      № 9 көшеге – Шоқан Уәлиханов атындағы атауы;
      № 10 көшеге – Жамбыл атындағы атауы;
      № 11 көшеге – Мектеп атауы;
      № 12 көшеге - Есіл атауы;
      № 13 көшеге – Желтоқсан атауы;
      № 14 көшеге - Аманкелді атындағы атауы;
      № 15 көшеге – Жібек жолы атауы;
      № 16 көшеге – Кенесары атындағы атауы;
      2) Самарка ауылы:
      № 1 көшеге – Достық атауы;
      № 2 көшеге – Жастар атауы;
      № 3 көшеге – Дала атауы;
      № 4 көшеге – Мектеп атауы;
      № 5 көшеге – Есіл атауы;
      № 6 көшеге – Еңбек атауы;
      № 7 көшеге – Бейбітшілік атауы;
      3) Ащыкөл ауылы:
      № 1 көшеге – Жеңіс атауы;
      № 2 көшеге – Мәдениет атауы;
      № 3 көшеге – Жасыл атауы;
      № 4 көшеге – Есіл атауы;
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап колданысқа енгізіледі.

      Сергеевка ауылдық
      округінің әкімі                            Қ.Жүсіпбеков

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Атбасар ауданының сәулет және
      қала құрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекеменің бастығы              З.Кенжебаев

      «Атбасар ауданының мәдениет және
      тілдерді дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекеменің бастығы              С.Бекенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады