РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Сергеевка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сергеевка ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 9 тамыздағы № 19 «Сергеевка селосының, Самарка селосының, Ащыкөл селосының көшелеріне атаулар беру туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-5-144 тіркелген, 2010 жылғы 8 қазанда «Атбасар» аудандық газетінде жарияланған, 2010 жылғы 8 қазанда «Простор» аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «селосының», «селолық», «селосы» деген сөздер тиісінше «ауылының», «ауылдық», «ауылы» деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
А.Қоныбаев