Борисовка селосының көшелеріне атаулар беру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар ауданының Борисовка селолық округінің әкімінің 2010 жылғы 2 желтоқсандағы № 12 шешімі. Ақмола облысы Атбасар аудандық Әділет басқармасында 2011 жылы 5 қаңтарда № 1-5-152 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы Борисовка ауылы әкімінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы Борисовка ауылы әкімінің 18.12.2014 № 3 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес халықтың пікірін ескере отырып, Борисовка селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1.Борисовка селосының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      № 1 көшеге - Достық атауы;
      № 2 көшеге – Клименко Семен атындағы атау;
      № 3 көшеге - Бейбітшілік атауы;
      № 4 көшеге – Мищенко Иван атындағы атау;
      № 5 көшеге – Устич Федор атындағы атау;
      2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3.Осы шешім Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Борисовка селолық округінің әкімі          С.Лазько

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Атбасар ауданының мәдениет және
      тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        С.Бекенова

      «Атбасар ауданының сәулет және
      қала құрлысы бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        З.Кенжебаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады