Бірлік ауылының көшесіне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Астрахан ауданы Колутон ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 2 шілдедегі № 1 шешімі. Ақмола облысы Астрахан ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 30 шілдеде № 1-6-134 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, халқының пікірін ескере отырып, Колутон ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан ауданы Колутон ауылдық округі әкімінің 27.03.2017 № 2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1.Бірлік ауылының көшесіне Абылайхан атындағы атауы атау берілсін.

      2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3.Осы шешім Астрахан ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қoлданысқа енгізіледі.

      Колутон ауылдық
округінің әкімі
А.Жұмабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Астрахан ауданының "Мәдениет
және тілдеру дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
М.Сексенбаев
      Астрахан ауданының "Сәулет және
қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Н.Герасимова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады