Жамбыл және Өрнек ауылдарының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Астрахан ауданы Николаев ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 21 маусымдағы № 2 шешімі. Ақмола облысы Астрахан ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 26 шілдеде № 1-6-132 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, халқының пікірін ескере отырып, Николаев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақмола облысы Астрахан ауданы Николаев ауылдық округі әкімінің 12.05.2017 № 2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1.Жамбыл және Өрнек ауылдарының көшелеріне атау берілсін:

      Жамбыл ауылына - Абай Құнанбаев атындағы атауы;

      Өрнек ауылына - Мәншүк Мәметова атындағы атауы.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Астрахан ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Николаев ауылдық
округінің әкімі
Е.Лысенко

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Астрахан ауданының "Мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
М.Сексенбаев
      Астрахан ауданының "Сәулет
және қала құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Н.Герасимова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады