Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2012.04.27 № 5С-4/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» № 2314 қаулысына сәйкес Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бұланды аудандық мәслихатының «Тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үй-коммуналдық қызмет пен телекоммуникация қызметі үшін тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-6/7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-7-58 тіркелген, 2008 жылғы 1 ақпандағы «Бұланды таңы», «Вести Бұланды жаршысы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Аталған шешіммен бекітілген, Тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үй-коммуналдық қызмет пен телекоммуникация қызметі үшін тұрғын үй көмегін беру ережелерінде:
1 тармақта «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникациялар қызметі үшін абоненттік төлем тарифтерінің өсуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысы және тәртібін айқындайды» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметі үшін абоненттік төлем тарифтерінің өсуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы», 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы» қаулылары және тәртібі мен мөлшерін айқындайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2 тараудың атауында «тәртібі» деген сөзден кейін «және мөлшері» деген сөздермен толықтырылсын;
13 тармақта «тұрғын үйді ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметке төленетін мөлшері» деген сөздер «тұрғын үй көмегінің мөлшері» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кезекті 27-сессияның
төрағасы Ш.Құсайынов
Аудандық мәслихаттың
хатшысы П.Веселов
«КЕЛІСІЛДІ»
Бұланды ауданының
әкімі Е.Нұғыманов
«Бұланды аудандық
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы К.Есмағамбетова