Тастыөзек ауылының, Аққайын ауылының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бұланды ауданы Вознесенка селолық округі әкімінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 1 шешімі. Ақмола облысы Бұланды ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 16 сәуірде № 1-7-112 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Вознесенка селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Тастыөзек ауылының, Аққайын ауылының көшелеріне атаулар берілсін.
      Тастыөзек ауылында:
      № 1 көшеге – Достық атауы;
      № 2 көшеге – Лесная атауы;
      № 3 көшеге – Заречная атауы.
      Аққайын ауылында:
      № 1 көшеге – Степная атауы;
      № 2 көшеге – Сәкен Сейфуллин атындағы атауы;
      № 3 көшеге – Школьная атауы;
      № 4 көшеге – Набережная атауы.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Бұланды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Вознесенка селолық
      округінің әкімі                            Х.Е.Рақымжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Бұланды ауданының «Сәулет
      және кала құрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Р.Қ.Әбділдина

      Бұланды ауданының «Мәдениет
      және тілдерді дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            С.Е.Аймағамбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады