Егіндікөл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 4С29-6 шешімі. Акмола облысы Егіндікөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 17 қаңтарда № 1-8-105 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы мәслихатының 2012 жылғы 30 наурыздағы № 5С2-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы  мәслихатының 2012.03.30 № 5С2-4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Егіндікөл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) Ұлы Отан Соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға 10000 теңге әр қайсына;
      тыл еңбеккерлеріне соғыс жылдардағы ордендер және медальдермен марапатталған 5000 теңге мөлшерінде әр қайсына;
      қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына 5000 теңге мөлшерінде әр қайсына;
      қайталап некеге тұрмаған, қайтыс болған Ұлы Отан Соғысы мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне) 5000 теңге мөлшерінде әр қайсына Жеңіс Күні мемлекеттік мейрамына;
      2) Ұлы Отан Соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне, концлагерлердің жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын коммуналдық қызметтер шығындарына;
      3) «Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз есепте тұрған қайтыс болған азаматтарды жерлеуге 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) 1,2,3 топтағы мүгедектеріне, 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға, медициналық мекемелерде емделуге және тексеруіне біржолғы төлем 20000 теңге мөлшерінде әр қайсысына;
      5) туберкулезбен ауыратындарға біржолғы төлем 20000 теңге мөлшерінде әр қайсысына;
      6) аз қамтамасыз етілген, кедейшілік деңгейден төмен тұратын және «Егіндікөл ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде есепте тұрған, біржолғы төлем 10000 теңге мөлшерінде әр қайсысына;
      7) аз қамтылған отбасылардың, көп балалы отбасылардың студенттеріне, оқу мекемесінің келісім шарт және оқу орынынан анықтамасы негізінде оқытудың жылдық құндылығы мөлшерінде колледжде оқытуына күндізгі түріндегі төлеу;
      8) аз қамтамасыз етілгендеріне 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ұн және нан өнімдеріне бағалардың өсуіне байланысты;
      9) «Күміс-Алқа», «Алтын-Алқа» марапатталған көп балалы аналарға бір жолғы төлем 5000 теңге мөлшерінде әр қайсысына азаматтардың өтініштері бойынша;
      10) төтенше апатқа байланысты шұғыл қолдауға мұқтаждарға бір жолғы төлем 35000 теңге мөлшерінде азаматтардың өтініштері бойынша;
      2.Егіндікөл аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 24 ақпандағы № С16-5 «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3111 тіркелген, 2005 жылғы 8 сәуірдегі «Шұғыла-Целинная нива» аудандық газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Егіндікөл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессияның төрағасы                         Н.Сизов

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Р.Муллаянов

      КЕЛІСІЛДІ

      Егіндікөл ауданының әкімі                  Б.Султанов

      «Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Б.Камиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады