Егіндікөл ауданы Бауман ауылдық округінің Бауман ауылында бруцеллезге байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Бауман селолық округі әкімінің 2010 жылғы 6 қыркүйектегі № 9 қаулысы. Ақмола облысы Егіндікөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 4 қазанда № 1-8-99 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7 тармағына сәйкес, Егіндікөл ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының 2010 жылғы 19 шілдедегі № 551 ұсынысының негізінде, ауылдық округтің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жануарлардың жұқпалы ауруының (бруцеллез) туындауына байланысты Егіндікөл ауданы Бауман ауылдық округі Бауман ауылының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Қоса беріліп отырған Егіндікөл ауданы Бауман ауылдық округі Бауман ауылында бруцеллездің эпизоотиялық ошағындағы ветеринарлық-санитарлық іс-шаралар жоспары бекітілсін.
      3. Бауман ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық дәрігері шектеу іс-шараларының белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы шешім Егіндікөл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бауман ауылдық округінің әкімі             В. Тюлюнов

«КЕЛІСІЛДІ»

      «Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігінің
      агроөнеркәсіптік кешеніндегі
      мемлекеттік инспекция комитетінің
      Егіндікөл аудандық аумақтық
      инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Ж. Жақанов

      Ақмола облысы денсаулық сақтау
      басқармасы жанындағы «Егіндікөл
      орталық аудандық ауруханасы»
      мемлекеттік коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері                  Т. Ахмедов

       «Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігі мемлекеттік
      санитарлық - эпидемиологиялық
      қадағалау комитеті Департаментінің
      Егіндікөл ауданы бойынша мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасы» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        А. Аманжолов

      Еіндікөл ауданының ветеринария
      бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы    Ж. Мырзаматов

Бауман ауылдық округі әкімінің
2010 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 9 шешімімен бекітілген

Егіндікөл ауданы Бауман ауылдық округі Бауман ауылында бруцеллездің эпизоотиялық ошағындағы ветеринарлық-санитарлық іс-шаралар жоспары

Рет №

Өткізілетін іс - шаралар

Орындалу
мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

Жайсыз пункттің шекаралары анықталсын, шектеуді енгізу туралы шешім қабылдансын

04.10.2010ж.-
06.10.2010ж.

«Егіндікөл ауданы Бауман ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі» ММ (келісім бойынша)

2

Бауман ауылының аумағы арқылы жануарларды әкелу және шығаруға және бұл аумаққа союға оң әрекет ететін малдардан басқасын әкелу және шығаруға тиым салынсын

шектеу мерзімі кезеңіне

«Егіндікөл ауданы Бауман ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «ҚР АШМ АӨК МИК Егіндікөл аудандық аумақтық инспекциясы» ММ (келісім бойынша)

3

Оң әрекет ететін жануарларды оқшаулаудан тыс ұстауға тиым салынсын

шектеу мерзімі аяқталғанша

«Егіндікөл ауданы Бауман ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі» ММ (келісім бойынша), «ҚР АШМ АӨК МИК Егіндікөл аудандық аумақтық инспекциясы» ММ (келісім бойынша)

4

Оң әрекет ететін жануарларды сою немесе сатуда ветеринарлық-
санитарлық талаптар сақталсын

тексеру қорытындысын алған соң 5 тәулік ішінде

«Егіндікөл ауданы Бауман ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі» ММ (келісім бойынша), «ҚР АШМ АӨК МИК Егіндікөл аудандық аумақтық инспекциясы» ММ (келісім бойынша)

5

Басқа аумаққа шығару үшін жем-шөп дайындауға тиым салынсын

шектеу мерзімі кезеңіне

«Егіндікөл ауданы Бауман ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

6

Бұрын ауру жануарлар ұсталған жайларға сау жануарлар залалсыздандыру, аулаларын санациялау, сондай-ақ залалсыздандыру және дератизациялау жұмыстарын мұқият жүргізген соң жіберілсін

шектеу мерзімі аяқталған соң

«Егіндікөл ауданы Бауман ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «ҚР АШМ АӨК МИК Егіндікөл аудандық аумақтық инспекциясы» ММ (келісім бойынша)

7

Мал өнімдері (сүт, сүт өнімдері, ет және т.б.) және шикізаттарын Бауман ауылының аумағынан шығаруға тиым салынсын

шектеу мерзімі кезеңіне

«Егіндікөл ауданы Бауман ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «ҚР АШМ АӨК МИК Егіндікөл аудандық аумақтық инспекциясы» ММ (келісім бойынша)

8

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүргізілсін

2010 жылдың соңына дейін

«Егіндікөл ауданы Бауман ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі» ММ (келісім бойынша)

9

Екі рет теріс нәтиже алған соң, 3 айдың ішінде бақылауға қойған соң және бақылау тексерулерінен екі рет теріс нәтиже және қорытынды уытсыздандырудан соң шектеуді алу туралы шешім қабылдансын

4 рет теріс нәтиже алғанша

«Егіндікөл ауданы Бауман ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады