2011 жылға арналған аудан бюджетінің қаражаттарынан лауазымдық еңбекақылары мен тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға арттыруға құқығы бар ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт лауазымдық мамандарының тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № а-3/73 қаулысы. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 30 наурызда № 1-9-172 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 07-20/1602 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 06.11.2014 № 07-20/1602 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18238-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, «2011 жылға арналған аудан бюджетінің қаражаттарынан лауазымдық еңбекақылары мен тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға арттыруға құқығы бар ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт лауазымдық мамандарының тізбесін келісу туралы» Ерейментау аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 4С-30/2-10 шешімінің негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылға арналған аудан бюджетінің қаражаттарынан лауазымдық еңбекақылары мен тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға арттыруға құқығы бар ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт лауазымдық мамандарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. «2010 жылға арналған аудан бюджетінің қаражаттарынан лауазымдық еңбекақылары мен тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға арттыруға құқығы бар ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт лауазымдық мамандарының тізбесін анықтау туралы» Ерейментау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № а-1/36 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-9-146 тіркелген, 2010 жылғы 20 наурызда «Ереймен» аудандық газетінде және 2010 жылғы 20 наурызда «Ерейментау» аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Көшкінбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                М.Мыңжанов

Ерейментау ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 4 наурыздағы
№ а-3/73 қаулысына қосымша

2011 жылға арналған аудан бюджетінің қаражаттарынан лауазымдық еңбекақылары мен тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға арттыруға құқығы бар ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт лауазымдық мамандарының
ТІЗБЕСІ

      1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
      1) күту бойынша әлеуметтік жұмыскер;
      2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) клуб меңгерушісі;
      2) аккомпаниатор;
      3) үйірме басшысы;
      4) кітапханашы;
      5) әдіскер.
      3. Дене тәрбиесі және спорт мамандарының лауазымдары:
      1) әдіскер.
      4. Білім мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың басшысы
мен орынбасары;
      2) барлық мамандардың мұғалімдері;
      3) кітапханашы;
      4) үйретуші;
      5) мейірбике;
      6) тәрбиелеуші;
      7) тәрбиелеушінің көмекшісі;
      8) музыка жетекшісі;
      9) әдіскер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады