Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 5-1 тармақшасына, тұрғындардың пікірлерін ескере отырып, Ерейментау ауданы әкімдігі жанындағы тіл саясаты және онамастика жөніндегі аудандық комиссиясының 2010 жылғы 14 қазандағы шешіміне сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облысы Ерейментау ауданы Ерейментау қаласының көшелері:
1) Дружба көшесі Жеңіс көшесіне;
2) Правобережная көшесі Молдажан Жадайұлы атындағы көшесіне;
3) Победа көшесі Үмбетей жырау атындағы көшесіне қайта аталсын.
2. Осы қаулы мен шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ерейментау ауданы әкімінің м.а. А. Манадыров
Ерейментау аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы В. Житин
Ерейментау аудандық
мәслихатының хатшысы Қ. Махметов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы М.Б. Әдірешев
«Сәулет және қалақұрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Н.К.Батенов