Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 4 тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабы 5-1 тармақшасына сәйкес, тұрғындар пікірлерін ескере отырып, Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің жанындағы ономастика және тілдер саясаты жөніндегі комиссияның 2010 жылғы 2 сәуірдегі шешіміне сәйкес, Еңбекшілдер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Еңбекшілдер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Степняк қаласындағы Илюбаев көшесі Рамазан Елебаев атындағы көше болып өзгертілсін.
2. Осы қаулы мен шешім Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еңбекшілдер ауданының
әкімі Т.Хамитов
Еңбекшілдер аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы А.Бузань
Еңбекшілдер аудандық
мәслихатының хатшысы М.Исажанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің
жанындағы ономастика және
тілдер саясаты жөніндегі
комиссияның төрағасы Қ.Шаяхметов
Еңбекшілдер аудандық
«Сәулет және қала
құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы А.Ахметова