Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2010.12.28 № А-11/379 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1 тармағының 13-тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарына сәйкес Еңбекшілдер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еңбекшілдер ауданының аумағында тұратын, нысаналы топқа жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) жиырма бірден жиырма төрт жасқа дейінгі жастар;
2) ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық) жұмыс істемейтіндер;
3) әлеуметтік – психологиялық оңалту курсын өткен, есірткіге тәуелділер.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Шаяхметовке жүктелсін.
3. Осы қаулы Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еңбекшілдер ауданының әкімі Т. ХАМИТОВ
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақмола облыстық денсаулық
сақтау басқармасының жанындағы
«Еңбекшілдер аудандық
орталық ауруханасы»
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Д.Б. Сыздықова