Еңбекшілдер ауданындағы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылғы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № С-28/5 шешімі. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 14 қаңтарда № 1-10-133 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2011 жылғы 10 қарашадағы № С-37/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2011.11.10 № С-37/3 шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» қаулысының 2 тармағына сәйкес, Еңбекшілдер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс есептік айлық көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және алты жүз отыз есептік айлық көрсеткіш мөлшерінен аспайтын тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі 2011 жылға әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Қ.Хамзин

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    М.Исажанов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Ақмола облысы
      Еңбекшілдер ауданының әкімі                Т.Хамитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады