Еңбекшілдер ауданындағы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2011 жылғы 10 қарашадағы № С-37/3 шешімі. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 2 желтоқсанда № 1-10-147 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2012 жылғы 9 ақпандағы № С-2/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2012.02.09 № С-2/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» № 183 қаулысының 2 тармағына сәйкес, Еңбекшілдер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Еңбекшілдер ауданындағы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме
жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.
      2. Еңбекшілдер аудандық мәслихаттың «Еңбекшілдер ауданындағы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылғы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № С-28/5 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Қ.Хамитова

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    М.Исажанов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Ақмола облысы Еңбекшілдер
      ауданының әкімі                            Т.Хамитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады