Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабына сәйкес және 2010 жылғы 29 сәуірдегі аудан әкімі аппараты басшысының № 498 хатының негізінде, Үлгі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Үлгі ауылдық округі әкімінің «Қызылұйым, Ұйымшыл ауылдарының және Жөкей, Карловка, Трамбовка селоларының көшелеріне атау беру туралы» 2009 жылғы 3 шілдедегі № 1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 1-10-91 тіркелген, 2009 жылғы 21 тамыздағы аудандық «Жаңа дәуір» газетінде және 2009 жылғы 22 тамыздағы аудандық «Сельская новь» газетінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
Өзгеріс тек қана орыс тіліндегі шешімге енгізіледі.
2.Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме жүктеймін.
3.Осы шешім Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үлгі ауылдық округінің әкімі С.Есполов
«КЕЛІСІЛДІ»
Еңбекшілдер ауданының
«Сәулет және қала құрылыс бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Ахметова
Еңбекшілдер ауданының
«Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Г.Жақыпова