Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012.02.20 № 2/5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгіділеді) шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1.Қажет ететін азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
жылына бір рет 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде - кірісі ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен немесе белгілі жағдайларда шұғыл әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға;
жылына бір рет 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде – мүгедектерге емделуге, компенсаторлық техникалық көмекші құралдарын алуға және санаторлық-курорттық емделуін төлеуге;
жылына бір рет 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде – зейнеткерлерге 80,90,100 жылдық мерейтой күндеріне;
жылына бір рет 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде - Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне, Чернобыль атом электр стансасындағы апат салдарынан мүгедек болған тұлғаларға сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқандарға;
жылына бір рет 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде - онкологиялық ауруларына және туберкулезбен ауратындарға;
жылына бір рет ауылдық жерлердегі табыстары аз, көп балалы отбасыларынан шыққан, колледждердің күндізгі бөлімінде оқитын студенттерге оқу орындарымен жасаған келісім шарт және оқу орнынан анықтама негізінде;
жылына бір рет оқу ақысын төлеу үшін мүгедек-студенттерге;
жылына бір рет 175 айлық есептік көрсеткіш көлемінде - денсаулық сақтау мекемесіне жұмыс істеуге келген жас мамандарына;
жылына бір рет 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде - жоғарғы оқу орындарының қажетті мамандықтарында білім алу кезенінде ата-анасының қамқорлығысыз қалған жетім балаларға;
айсайын 0,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде - аз қамтылған азаматтарға.
ай сайын, бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде коммуналдық қызметтеріне төлеу үшін бұрынғы кәмелетке толмаған фашистік концлагер тұтқынында болғандарға;
жылына бір рет, бір жазылымның бағасы көлемінде газетке жазылуға Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне;
жылына бір рет, бір билеттің құны көлемінде (сол жаққа және қайтар жолға) барлық категориядағы мүгедектерге және ауруды медициналық мекемеге алып барушы тұлғаға темір жол көлігінде (бірақ купе вагонындағы билеттің құны мөлшерінен аспайтын), қалааралық автомобиль көлігінде жүру үшін;
алып баруға адам алып жүруге құқығы барлар:
18 жасқа дейінгі балалар;
көруі бойынша бірінші және екінші топтағы мүгедектер;
дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бойынша мүгедектер;
мерекелік күндерге өтініш берусіз:
8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне - бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде «Алтын Алқа», «Күміс Алқа», алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға;
9 мамыр – Жеңіс күніне - он айлық есептік көрсеткіш көлемінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектеріне,
үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде бұрынғы кәмелетке толмаған концлагер тұтқындарына, үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде Ленинград тұрғындарына, бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің жесірлеріне, бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде тыл еңбеккерлеріне;
балаларды қорғау күніне – бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
қарттар және мүгедектер күніне - нөл бүтін оннан үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде зейнеткерлерге және нөл бүтін оннан бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде мүгедектерге.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2010.07.21 № 27/8 (қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
2.Күші жойылды деп танылсын:
Есіл аудандық мәслихатының «Қажет ететін азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік көмекті жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 13/6 (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2981 тіркелген, 2005 жылғы 14 ақпанда аудандық «Жаңа Есіл» газетінде жарияланған) шешімі;
Есіл аудандық мәслихатының «Есіл аудандық мәслихатының 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 13/6 «Қажет ететін азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік көмекті жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 15/7 (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-11-104 тіркелген, 2009 жылғы 22 мамырда аудандық «Жаңа Есіл» газетінде жарияланған) шешімі.
3.Осы шешім Ақмола облысы Есіл аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Қ.Тұрсынов
Аудандық мәслихат
хатшысы С.Құдабаев
КЕЛІСІЛДІ
Есіл ауданының әкімі С.Ерин
Ауданның жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы В.Чернецкая