Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012.02.20 № 2/5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгіділеді) шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 6 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Есіл аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 24/6 «Қажет ететін азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік көмек көрсету туралы» (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-11-118 тіркелген, 2010 жылғы 28 мамырда аудандық «Жаңа Есіл» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерту мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақтағы:
үшінші абзацтағы «мүгедектерге» сөзінен кейін «емделуге, компенсаторлық техникалық көмекші құралдарын алуға және санаторлық-курорттық емделуін төлеуге» сөздерімен толықтырылсын;
төртінші абзацта «зейнеткерлерге» сөзінен кейін «80,90,100 жылдық мерейтой күндеріне» сөздерімен толықтырылсын;
бесінші абзацта «Чернобыль атом электр стансасындағы апат салдарынан мүгедек болған тұлғаларға» сөзінен кейін «сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқандарға» сөздерімен толықтырылсын;
жетінші абзацта «студернттерге» сөзінен кейін «оқу орындарымен жасаған келісім шарт және оқу орнынан анықтама негізінде» сөздерімен толықтырылсын;
оныншы абзацта «жоғарғы оқу орындарының» сөзінің алдындағы «Есіл ауданының еңбек нарығындағы» сөздері алынып тасталсын;
келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
ай сайын, бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде коммуналдық қызметтеріне төлеу үшін бұрынғы кәмелетке толмаған фашистік концлагер тұтқынында болғандарға;
жылына бір рет, бір жазылымның бағасы көлемінде газетке жазылуға Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне;
жылына бір рет, бір билеттің құны көлемінде (сол жаққа және қайтар жолға) барлық категориядағы мүгедектерге және ауруды медициналық мекемеге алып барушы тұлғаға темір жол көлігінде (бірақ купе вагонындағы билеттің құны мөлшерінен аспайтын), қалааралық автомобиль көлігінде жүру үшін;
алып баруға адам алып жүруге құқығы барлар:
18 жасқа дейінгі балалар;
көруі бойынша бірінші және екінші топтағы мүгедектер;
дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бойынша мүгедектер;
мерекелік күндерге өтініш берусіз:
8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне - бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде «Алтын Алқа», «Күміс Алқа», алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға;
9 мамыр – Жеңіс күніне - он айлық есептік көрсеткіш көлемінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектеріне,
үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде бұрынғы кәмелетке толмаған концлагер тұтқындарына, үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде Ленинград тұрғындарына, бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің жесірлеріне, бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде тыл еңбеккерлеріне;
балаларды қорғау күніне – бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
қарттар және мүгедектер күніне - нөл бүтін оннан үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде зейнеткерлерге және нөл бүтін оннан бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде мүгедектерге.
2. Осы шешім Ақмола облысы Есіл аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы Т.Осипова
Аудандық мәслихат
хатшысы С.Құдабаев
КЕЛІСІЛДІ
Есіл ауданының әкімі С.Ерин
Ауданның жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы В.Чернецкая