Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2011.10.12 № 4С-36/3 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жарқайың аудандық мәслихатының «Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С-19/5 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-12-122 тіркелген, 2010 жылдың 5 ақпанында «Целинное знамя» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
2 тармақтың:
алтыншы азат жолы келесі редакцияда баяндалсын:
«колледждерде күндізгі бөлімде оқу орындары мен шарт негізінде оқитын және оқу орнынан берілген анықтамасы бойынша аудандағы аз қамтылған отбасылар мен ауылдық жердегі көп балалы отбасылардан шыққан студенттер».
2. Осы шешім Жарқайың ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы В.Камышанский
Аудандық мәслихаттың
хатшысының м.а. С.Оспан-Ұлы
«КЕЛІСІЛГЕН»
Жарқайың аудандық
«Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы В.Сидорина
Жарқайың аудандық
«Қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Б.Ахметова
Жарқайың аудандық
«Экономика және бюджетті
жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы З.Қоржұмбаева