Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2011.10.12 № 4С-36/3 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56 бабына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Әлеуметтік төлем алуға келесі азаматтардың құқығы бар:
- күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар немесе белгілі жағдай күшіндегі төтенше әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтар;
- мүгедектер және Мүгедектер күніне орай 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
- Қарттар күніне Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары (оларға теңестірілген тұлғалар, тыл еңбеккерлері, Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің жесірлері, бейбіт уақытта қаза тапқан жауынгерлердің отбасылары, фашист концлагерлерінің бұрынғы тұтқындары) ақталған азаматтар, зейнеткерлер, интернационал жауынгерлерге, Чернобыль атомдық электростанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушыларына;
- жазылмайтын аурулармен ауыратындар;
- қатерлі ісікпен және туберкулезбен ауыратындарға және туберкулезбен ауратындарға» сөздерінен кейін «Жарқайың аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынымен ұсынылған анықтамалар негізінде 2,8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде «туберкулезді ұзақ емделушілерге Ақмола облысы бойынша емдеу мекемелеріне жолақы;
- колледждерде күндізгі бөлімде оқу орындары мен шарт негізінде оқитын және оқу орынан берілген анықтамасы бойынша аудандағы аз қамтылған отбасылар мен ауылдық жердегі көп балалы отбасылардан шыққан студентер;
- Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен ай сайын коммуналдық қызмет төлемі бойынша шығындарды өтеуге 2,5 айлық есеп көрсеткіші көлемінде «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық мекемесінің Ақмола облыстық филиалының Жарқайың аудандық бөлімшесінің ұсынған тізімдер негізінде, жеке шотына аудару жолымен;
- аз қамтылған отбасыларға ай сайын негізгі азық - түліктің қымбаттауына байланысты 0,5 айлық есеп көрсеткіші көлемінде;
- жоғары білімі бар жас маман - дәрігерлерге жайластыруға 175 айлық есеп көрсеткішімен, жас маман - мұғалімдерге жайластыруға 18 айлық есеп көрсеткішімен, өтініш бойынша жас мамандармен «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету» бюджеттік бағдарламаның әкімшілігі арасында жасалынған Келісім- шарт негізінде;
- концлагерь тұтқындарына ай сайын коммуналдық қызмет төлемі бойынша шығындарды өтеуге айлық есеп көрсеткіші көлемінде «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық мекемесінің Ақмола облыстық филиалының Жарқайың аудандық бөлімшесінің ұсынған тізімдер негізінде, жеке шотына аудару жолымен.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту мен толықтыру енгізілді - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2010.04.12 № 4С-21/4; 2010.08.09 № 4С-24/2 (қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2011.03.09 № 4С-30/3 (қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
3. Жарқайың аудандық мәслихатының 2005 жылғы 24 ақпандағы № 3С-11/8 «Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3051 тіркелген, 2005 жылғы 4 наурыздағы «Целинное знамя» аудандық газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
4. Шешім Жарқайың ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы А.Демьянов
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Б.Швачкин
КЕЛІСІЛГЕН:
Жарқайың ауданының
«Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы В.Сидорина
Жарқайың ауданының
«Қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Б.Ахметова
«Жарқайың ауданының
«Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі»мемлекеттік
мекемесінің бастығы З.Қоржымбаева