Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2012.12.12 № 5С-14/6 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36 бабына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жарқайың аудандық мәслихаттың «Бір жолғы талондар бағасын бекіту туралы» 2008 жылғы 17 наурыздағы № 4С-6/4 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-12-83 тіркелген, 2008 жылдың 11 сәуірде "Целинное знамя" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбындағы "бекіту" деген сөз "белгілеу" деген сөзбен ауыстырылсын;
шешімнің кіріспесіндегі "2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының "Бюджеттегі салықтар мен басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 373 бабына" деген жолдары "Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36 бабына" деген жолдарымен ауыстырылсын;
1 тармақта "Бекітілсін" деген сөз "Белгіленсін" деген сөзбен ауыстырылсын;
2 тармақта "Бекітілсін" деген сөз "Белгіленсін" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің №1 қосымшада "Жолаушыларды тасу жөніндегі
жеңіл автомобиль көліктерінің жеке иелерінің қызметтері (лицензиялық тасымалдаудан басқа да)" деген 8 жолы алынып тасталсын.
2. Осы шешім Жарқайың ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы В.Камышанский
Аудандық мәслихаттың
хатшысының м.а. С.Оспан-Ұлы
"КЕЛІСІЛГЕН"
Жарқайың ауданы бойынша
cалық басқармасының бастығы Е.Шоламбаев