Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабы 3 тармақтың 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысының 2 тармағына сәйкес, Жақсы ауданы әкімінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 01-338 хатын қарастырып, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2010 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларының 16 (он алты) мамандарына келесі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:
1) жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау - алты жүз отыз есептік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
2.Осы шешім Жақсы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жақсы аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы С.Борисенко
Жақсы аудандық мәслихатының
хатшысы Б.Жанәділов
КЕЛІСІЛГЕН
Жақсы ауданы әкімінің м.а. С.Өтешев
«Жақсы ауданының экономика
және бюджеттік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы Қ.Дүзелбаев