2011 жылдың қаңтар-наурызында тіркеуден өткізілетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды "Ақмола облысы Зеренді ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақырту учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 07 шешімі. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 6 желтоқсанда № 1-14-146 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 08 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің 29.11.2011 № 08 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 3337 баптарына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережелерге сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2011 жылдың қаңтар-наурызында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Ақмола облысы Зеренді ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақырту учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін (келісім бойынша).
      2. Зеренді ауданы әкімінің «2010 жылдың қаңтар-наурызында тіркеуден өткізілетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Ақмола облысы Зеренді ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 26 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-14-128 тіркелген,«Зеренді» газетінде 2009 жылғы 22 қаңтарда жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.А.Таласбаеваға жүктелсін.
      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2011 жылдың 1 қаңтарынан әрекетке енгізіледі, ресми жариялануға жатады.

      Аудан әкімі                                Е.Сағдиев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Ақмола облысы Зеренді ауданының
      Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Бражанов Т.Ә.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады