2010 жылғы жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 11 наурыздағы № 23 қаулысы. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 наурызда № 1-15-144 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 2 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2011.01.06 № 2 қаулысымен
      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылдың 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2 тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылдың 13 сәуіріндегі Заңының 31 бабына сәйкес, Қорғалжын аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылғы жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Қорғалжын ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С.Касенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады