Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2011.01.06 № 2 қаулысымен
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Заңының 5, 7 бабтарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қорғалжын ауданында 2010 жылға нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) жиырма төрт жасқа дейінгі жастар;
2) емделудің толық курсын өткен туберкулезбен ауырғандар;
3) бір жылдан артық уақыт жұмыс істемеген жұмыссыздар;
4) от басында бірде – бірі жұмыс істемейтін тұлғалар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.
3. Осы қаулы Қорғалжын ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С.Қасенов