Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 10.04.2013 № 665 хатымен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабына сәйкес, Қорғалжын ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2011 жылдың қаңтарынан наурызға дейінгі мерзімде 1994 жылы туған, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың «Ақмола облысы Қорғалжын ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.
3. Осы шешім Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С.Қасенов
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақмола облысы Қорғалжын ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Ә.Әленов