Щучинск қаласының, Бурабай кентінің, Оқжетпес селосының жерін аймақтарға бөлу сызбасын және жер салығының базалық ставкаларын ұлғаю (азаю) проценттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 қыркүйектегі № С-27/1 шешімі. Ақмола облысы Бурабай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 25 қазандағы № 1-19-183 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 қарашадағы № 5С-36/18 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 19.11.2014 № 5С-36/18 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 8 бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Щучинск қаласының, Бурабай кентінің, Оқжетпес селосының жерін аймақтарға бөлу сызбасы 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
      2. Жер салығының базалық ставкаларының ұлғаю (азаю) проценттері 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Бурабай аудандық мәслихаттың «Щучинск қаласының, Бурабай кентінің, Оқжетпес селосының жерін аймақтарға бөлу сызбасын және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффиценттерін, жер учаскесінің кадастрлік (бағалау) құнын бекіту туралы» 2004 жылғы 18 тамыздағы № С-9/3 (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу реестрінде № 2771 тіркелген, 2004 жылғы 16 қыркүйекте аудандық «Луч» газетінде жарияланған), «Бурабай аудандық мәслихаттың «Щучинск қаласының, Бурабай кентінің, Оқжетпес селосының жерін аймақтарға бөлу сызбасын және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффиценттерін, жер учаскесінің кадастрлік (бағалау) құнын бекіту туралы» 2004 жылғы 18 тамыздағы № С-9/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 18 мамырдағы № С-16/4 (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу реестрінде № 1-19-17 тіркелген, 2005 жылғы 2 маусымда аудандық «Бурабай» газетінде жарияланған), «Бурабай аудандық мәслихаттың «Щучинск қаласының, Бурабай кентінің, Оқжетпес селосының жерін аймақтарға бөлу сызбасын және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффиценттерін, жер учаскесінің кадастрлік (бағалау) құнын бекіту туралы» 2004 жылғы 18 тамыздағы № С-9/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № С-23/6 (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу реестрінде № 1-19-58 тіркелген, 2006 жылғы 16 қаңтарда аудандық «Луч» газетінде, 2006 жылғы 19 қаңтарда аудандық «Бурабай» газетінде жарияланған), «Бурабай аудандық мәслихаттың «Щучинск қаласының, Бурабай кентінің, Оқжетпес селосының жерін аймақтарға бөлу сызбасын және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффиценттерін, жер учаскесінің кадастрлік (бағалау) құнын бекіту туралы» 2004 жылғы 18 тамыздағы № С-9/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 10 сәуірдегі № С-28/3 (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу реестрінде № 1-19-78 тіркелген, 2006 жылғы 18 мамырда аудандық «Бурабай» газетінде, 2006 жылғы 22 мамырда аудандық «Луч» газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      5. Осы шешім Ақмола облысының Бурабай аудандық әділет Басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      XХVII (кезектен тыс) сессиясының
      төрағасы                                   Б. Қойшыбаев

      Аудандық мәслихат
      хатшысының міндеттерін
      атқарушы                                   М. Көшенов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Бурабай ауданының әкімі                    В. Балахонцев

      Щучинск қаласы әкімінің
      міндеттерін атқарушы                       А. Пальчак

      «Бурабай ауданының жер
      қатынастары бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығының міндетін
      атқарушы                                   С. Ибраев

      Бурабай ауданы бойынша
      салық басқармасының бастығы                А. Есполов

Бурабай аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 15 қыркүйектегі № С–27/1
шешіміне 1 қосымша

Щучинск қаласының жерлерін аймақтарға бөлу сызбасы

      Ескерту. Қағаз мәтінінен қараңыз.

Бурабай аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 15 қыркүйектегі № С–27/1
шешіміне 2 қосымша

Бурабай кенті, Оқжетпес селосының
жерлерін аймақтарға бөлу сызбасы

      Ескерту. Қағаз мәтінінен қараңыз.

Бурабай аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 15 қыркүйектегі № С–27/1
шешіміне 3 қосымша

Жер салығының базалық ставкасының
ұлғаю (азаю) пайызы

Аймақ нөмірлері

Жер салығының базалық ставкасының ұлғаю (+), төмендеу (-) пайыздары

I -1

+ 50

I – 2

+ 40

II – 1

+ 10

II – 2

+ 30

III - 1

+ 10

III - 2

0

III - 3

+ 30

IV - 1

+ 10

IV - 2

+ 40

V - 1

+ 30

V - 2

+ 30

V - 3

+ 20

VI - 1

- 10

VI - 2

-20

Бурабай кенті

+ 50

Оқжетпес селосы

+ 50

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады