Ақтөбе облысында жергілікті қоғамдастықтың жиналыс (жиын) өткізу Қағидасы туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 295 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 4 мамырда № 3331 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 174 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2013 № 174 шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 39-3 бабының 2-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қосымша беріліп отырған Ақтөбе облысында жергілікті қоғамдастықтың жиналыс (жиын) өткізу Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың                   Облыстық
         сессия төрағасы                мәслихаттың хатшысы     

           Б.АМАНБАЕВ                       Б.ОРДАБАЕВ

2010 жылғы 9 сәуірдегі № 295
облыстық мәслихаттың шешімімен
бекітілген

Ақтөбе облысында жергілікті қоғамдастықтың жиналыс (жиын) өткізу қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақтөбе облысында жергілікті қоғамдастықтың жиналыс (жиын) өткізу Қағидасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 39-3 бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Азаматтардың тікелей өз еркін білдіру түрінің бірі болып табылатын, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін жергілікті қоғамдастықтың жиналысы (жиыны) облыстың әкімшілік-аумақтық бөліністерінде өткізілуі мүмкін.
      3. Жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын әкімшілік-аумақтық бөлініс шекарасының аумағында тұрғылықты жері бойынша белгіленген тәртіппен тіркелген азаматтар жиналыс (жиын) жұмысына қатыса алады.

2. Шақыру тәртібі

      4. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысы (жиыны) қажеттілігіне қарай тиісті аумақтың тұрғындарының бастамасымен және/немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бастамасымен шақырылады.
      Қалаларда жиналыс (жиын) шақырылуы мүмкін:
      шағын аудандар, көшелер, үйлер;
      олардың әкімшілік бағынысындағы елді мекендер бойынша.
      5. Тиісті аумақтың (шағын ауданның, көшелердің, үйлердің) тұрғындарының кем дегенде жартысы қатысқан кезде жиналыс (жиын) заңды болып есептеледі.
      Сондай-ақ өкілдерінің кем дегенде үштен екісі қатысқан кезде заңды болып табылатын, елді мекендердің, көшелердің, үйлердің тұрғындарының өкілдерінің жиналысы (жиыны) өткізілуі мүмкін. Өкілдік мөлшерін жергілікті өзін-өзі басқару органдары айқындайды.
      6. Қажеттілік болған жағдайларда азаматтардың жиналысына (жиынына) шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мекемелердің және басқа да ұйымдардың басшылары шақырылуы мүмкін.

3. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысының (жиынының) өкілеттігі

      7. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысында (жиынында) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары шеңберінде қарастырылуы мүмкін:
      1) тиісті елді мекендерді абаттандыру, тұрғын үй қорының сақталуы және тиісті пайдаланылуы, тұрғындарға коммуналдық-тұрмыстық, мәдени және басқа да қызмет көрсету, дене тәрбиесі және спортты дамыту, тұрғылықты жері бойынша азаматтардың бос уақытын ұйымдастыру, табиғатты, азаматтардың жеке қосалқы шаруашылықтарын қорғау мәселелері;
      2) елді мекендерді, көшелерді, алаңдарды атау және қайта атау, әкімшілік-аумақтық құрылымға белгіленген заңнамалық тәртіпте өзгертулерге байланысты мәселелер жөніндегі ұсыныстар;
      3) тиісті аумақтың тұрғындарының мүдделерін қозғайтын, шаруашылық және әлеуметтік-мәдени дамудың басқа да мәселелері.
      8. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысы (жиыны) тиісті мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға, кәсіпорындарға, мекемелерге және өзге де ұйымдарға ұсыныстар жасауға құқылы.

4. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) дайындау және өткізу тәртібі

      9. Қаралатын мәселелер туралы және өтетін уақыты, мерзімі, орны туралы белгілі аумақтың тұрғындарына жиналыс өткенге дейін он күннен кешіктірмей хабарлайтын, жиналысты өткізуге бастамашылар жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді.
      10. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) жүргізу үшін ашық дауыспен төраға, хатшы сайланады және күн тәртібі бекітіледі.
      11. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысында (жиынында), жиналыстың (жиынның) өтетін уақыты және орны, тиісті аумақта тұратын және жиналысқа (жиынға) қатысуға құқы бар азаматтардың жалпы саны немесе өкілдердің жалпы саны, қатысушылардың саны, төрағаның және хатшының, шақырылғандардың аты-жөні, күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны, қабылданған шешімдер, олар бойынша дауыс беру қорытындылары көрсетілетін хаттама жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысының (жиынының) төрағасы және хатшысы хаттамаға қол қояды.
      12. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысының (жиынының) шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және ұсыныс сипатында болады.
      13. Жергілікті қоғамдастықтың мүшелерінің жиналысқа (жиынға) қатысқандарының санының көпшілігі дауыс берген болса, шешім қабылданған болып есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың (жиынның) төрағасының пікірі шешуші болып есептеледі.
      14. Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда жиналысқа (жиынға) қатысушылар немесе өзге де мүдделі адамдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес шағым жасаулары мүмкін.

5. Қорытынды ереже

      15. Жергілікті қоғамдастықтың мүшелері жиналыс (жиын) өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтаулары қажет.
      16. Қоғамдық тәртіпті бұзған адамдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады