Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012.04.06 № 117 Қаулысымен.
Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 175, 180, 188-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен шағын және орта бизнес субъектілерін кредиттеудің негізгі шарттары қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесімен біріге отырып:
1) «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамымен шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру туралы кредиттік шарт жасасын;
2) кредиттік шартты тіркеуді, есепке алуды және мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.К.Кемаловаға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің
міндетін атқарушы І.Өмірзақов
Облыс әкімдігінің
2010 жылғы 30 сәуірдегі № 151
қаулысына қосымша
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен шағын және орта бизнес субъектілерін кредиттеудің негізгі шарттары
1. Кредит беру мақсаты – Шағын және орта бизнесті «Мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамын кредиттеу», 519 – «Өзге де ішкі бюджеттік кредиттеу» бағдарламасы бойынша қаржыландыру.
2. Мыналар бюджеттік кредиттеуге қатысушылар болып табылады:
кредитор – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес кредит беретін кредит шартының тарабы – «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ;
бағдарлама әкімшісі – «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ;
қарыз алушы-қаржы агенті – негізгі қарызды өтеу және сыйақыны төлеу, сондай-ақ, кредиттік шартқа сәйкес өзге де төлемдерді төлеу бойынша міндеттеме алатын кредиттік шарттың кредит алушы тарабы - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ;
соңғы қарыз алушы – Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын жеке және заңды тұлғалар (шағын және орта бизнес субъектілері).
3. Тараптар арасындағы өзара қарым-қатынас кредит шартымен реттеледі.
4. Бюджеттік кредиттер соңғы қарыз алушылар мынадай шарттар мен өлшемдерді сақтаған жағдайда ұсынылады:
1) бұрын берілген бюджеттік кредит бойынша қарызының жоқтығы;
2) соңғы есепті кезеңге салықтық төлемдер, міндетті зейнетақы жарналар мен әлеуметтік аударымдар бойынша қарыздарының болмауы;
3) бюджеттік кредит бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ете алуы.
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өлшемдерге сәйкес қарыз алушының несие қабілеттілігінің болуы.
5. Бюджеттік кредит Ақтөбе облыстық мәслихаты тиісті шешіміне сәйкес қарастырылған сомалар шегінде беріледі.
6. Бюджеттік кредит Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен беріледі.
7. Бір соңғы қарыз алушыға лимит - 300 000 000 (үш жүз миллион) теңгеге дейін.
8. Бюджеттік кредиттің берілу мерзімі:
кредит 84 айға дейінгі мерзімге беріледі;
бюджеттік кредит мерзімі бюджеттік кредит қаражаттарын бағдарлама әкімшісінің есепшотынан аударылған кезден бастап есептеледі.
9. Қарыз алушы-қаржы агентінің кредитті игеру кезеңі – кредит шартына қол қойылған күннен бастап алты ай.
10. Соңғы қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі барлық кредиттеу мерзімінде тіркелген болып табылады және жылдық 10 пайыз, соның ішінде бюджеттік кредитті пайдаланғаны үшін сыйақы жылдық 1 пайыз құрайды.
11. Мыналар жергілікті бюджет қаражаты есебінен шағын және орта бизнес субъектілерін кредиттеудің басым салалары болып табылады:
1) ауыл, орман және балық шаруашылығы;
2) сусындарды қоса алғанда, тамақ өнімдерін өндіру;
3) ағаш және тоздан жасалған бұйымдар өндіру;
4) қағаз және қағаздан жасалған өнімдер өндіру;
5) тоқыма бұйымдарын өндіру;
6) химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру;
7) резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру;
8) өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру;
9) машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл өнімдерді өндіру;
10) электрондық және оптикалық бұйымдарды өндіру;
11) сумен жабдықтау;
12) электрмен жабдықтау, газ беру;
13) автомобильдерді және мотоцикльдерді жөндеу;
14) көлік және қоймалау;
15) білім беру;
16) денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер;
17) ақпарат және байланыс;
18) тұру және тамақтану бойынша қызметтер.