Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2011.03.28 № 734 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын іске асыру туралы» Қаулысына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 18, 19, 20, 21, 23, 44 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі шақыру күні 18 жасқа толған және мерзімді әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ, сол сияқты шақырылуын кейінге қалдыру құқығын жоғалтқан ер азаматтарды 2010 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне шұғыл әскери қызметке шақыруды жүзеге асырсын.
2. Қалалық шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасына (Қ.Қ.Сабыр келісім бойынша) «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағына бөлу ұсынылсын:
1) шақырылушыларға медициналық куәландыруды жүргiзу үшiн дәрігер-мамандар мен медбикелер және дәрігер-мамандардың резервтік құрамын;
2) 2010 жылғы 1 сәуірден 1 қазанға дейінгі аралықта «Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне диспансерлік есепте тұрған адамдардың тізімін, сол сияқты ауыратын шақырылушылардың жеке карталарын (Ф.025у) жеткiзсiн;
3) қажет болса «Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша шақырылушыларды қосымша медициналық тексеруден өткізу қамтамасыз етсін, ол үшін бекітіліп берілген емдеу-профилактикалық ұйымдарға төсек-орынның қажетті санын бөлсін;
4) шақыру кезінде стационарлық емделуде жатқан шақырылушылар туралы үш күннің ішінде «Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне хабарласын.
4. Ақтөбе қалалық әділет басқармасы (В.Мәмбетова келісім бойынша) әскери есепке алу құжаттарында әскерге шақырушылардың әскери есепке алынғаны немесе әскери есептен шығарылғаны туралы белгілері болған жағдайда тұрғылықты жайларына тіркеу немесе шығаруды іске асырсын.
5. Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасы (Е.Есмаханов келісім бойынша)
1) шақырудың барлық кезеңінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртiптi сақтау үшiн екi адамнан тұратын полиция нарядын бөлсiн;
2) әскери міндетті орындаудан бас тартушы адамдарды іздестіру және ұстау жүргізсін;
3) жетi күндiк мерзiм ішiнде «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне анықтама немесе алдын ала тергеу жүргiзiлiп жатқан әскерге шақырылушылар туралы хабарласын;
6. Меншік түріне қарамастан кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшыларына ұсынылсын:
1) әскерге шақырылушыларды іссапардан (еңбек демалысынан) шақырып алу, оларға хабарлауды ұйымдастыру және олардың шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз ету;
2) техникалық қызметшілердің қажетті санын бөлу.
7. Селолық округтер әкiмдерi «Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің келісімі бойынша шақырылушыларға шақыру учаскесіне шақырылуы туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
8. Қала әкiмi аппаратының әлеуметтiк сала және мәдени дамыту мониторингi бөлiмi (М.Кабыл) және «Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру бөлімінің бастығымен (Б.Бахаев) бірлесіп шақырылушылар арасында тәрбие жұмыстары бойынша шаралар өткізсін.
9. Шақыруды жүргізу кезінде шақыру учаскесіне жұмыс істеуге жолданған шақыру комиссиясы мүшелерінің, медициналық, техникалық қызметкерлердің жұмыс орны, лауазымы, орташа жалақысы сақталсын.
10. «Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Р.Айдашева) шақыру бойынша шараларды орындауға байланысты шығындарды қаржыландыруға қаржы бөлсін.
11. «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Т.Бөлтеев) қала әкiмiне 2010 жылдың 5 шілдесіне және 2011 жылдың 5 қаңтарына шақыру қорытындылары бойынша ақпарат берсін.
12. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары С.М.Қалдығұловаға және «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Т.Бөлтеевке жүктелсiн.
13. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкiмi А.Мұхамбетов
Қала әкімдігінің 2010 жылғы
17 мамырдағы № 1355 қаулысына
ҚОСЫМША
Қалалық шақыру комиссиясының құрамы
Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2010.09.06 № 2617 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2010.10.18 № 2906 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
Бөлтеев - "Ақтөбе қаласы қорғаныс
Теміржан Көптілеуұлы істері жөніндегі басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы, комиссия төрағасы
Мұнлықова - Ақтөбе қаласы әкімі
Әсел Талғатқызы аппаратының әлеуметтік сала
және мәдени дамыту
мониторингі бөлімінің бас
маманы, комиссия төрағасының
орынбасары
Комиссия мүшелері:
Алдамжаров - Ақтөбе қалалық ішкі істер
Нәби Жаңабайұлы басқармасы бастығы
орынбасарының міндетін
атқарушы
Нұрғазиева - № 2 қалалық емхананың
Гүлжиян Рақымғалиқызы терапевт-дәрігері,
медициналық комиссияның
төрайымы
Сухобрус - № 3 кеңес беру-
Наталья Михайловна диагностикалық емханасының
мейірбикесі, комиссия
хатшысы
Резерв:
Әбдіқалықов - "Ақтөбе қаласы қорғаныс
Жасұлан Керейұлы істері жөніндегі басқармасы"
мемлекеттік келісім-шарт
бойынша әскери қызметке,
алу және әскерге шақыру
бөлімінің бастығы,
резервтік комиссия төрағасы
Қабыл - Ақтөбе қаласы әкімі
Мадьяр Рақымжанұлы аппаратының әлеуметтік сала
және мәдени дамыту
мониторингі бөлімінің
бастығы
Резервтік комиссия мүшелері:
Әлиев - Ақтөбе қаласы ішкі істер
Қанат Сәбетұлы басқармасы қоғамдық
қауіпсіздік бөлімшесінің
бастығы
Иманбердиева - № 1 кеңес беру-
Роза Арстанбековна диагностикалық емхананың
дәрігер-терапевті
Байтерекова - дәрігерлік жедел жәрдем
Жанар Жағыпарқызы емханасы қабылдау бөлмесінің
мейірбикесі, комиссия
хатшысы