Ескерту. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімі аппаратының басшысының 2011.07.22 № 05-9/1697 Хатымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативті құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабына сәйкес, кадрлық өзгертулерге байланысты қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 17 мамырдағы № 1355 «2010 жылдың көктемі-күзiнде 1983-1992 жылдары туған азаматтарды әскери қызметке кезекті шақыру туралы» қаулысына (2010 жылғы 31 мамырда нормативті құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3-1-137 болып тіркелген, 2010 жылғы 8 маусымдағы № 70 «Актюбинский вестник» және «Ақтөбе» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) қалалық шақыру комиссиясы құрамынан Оразаев Жолдас Жарасұлы, Нұрғазиева Гүлжиян Рақымғалиқызы, Бахаев Бекжан Өтесінұлы шығарылсын;
2) қалалық шақыру комиссиясы құрамына:
Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік сала және мәдени дамыту мониторингі бөлімінің бас маманы Мұнлықова Әсел Талғатқызы комиссия төрағасының орынбасары болып; «Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің келісім-шарт бойынша әскери қызметке алу және әскерге шақыру бөлімінің бастығы Әбдіқалықов Жасұлан Керейұлы резервтік комиссия төрағасы болып; № 4 қалалық емхананың дәрігерлік қадағалау комиссиясының төрайымы Қозыбаева Қаламқас Әбдірахманқызы медициналық комиссия төрайымы болып енгізілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары С.М.Қалдығұловаға және «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Т.Бөлтеевке жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі А.Мұхамбетов