Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық әкімдігінің 2012.06.06 № 125 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, 37 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7, 9, 18-1 бабтарына сәйкес халықты жұмыспен қамтылуына жәрдем беру жөніндегі шараларын кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің «Әйтеке би ауданында 2009-2012 жылдарға әлеуметтік жұмыс орындарын ашу туралы» 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 167 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-78 нөмірімен тіркелген, 2009 жылдың 14 мамыр айында аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінің № 22-23 (1534) санында жарияланған, Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 1 маусымдағы № 276 «Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 167 «Әйтеке би ауданында 2009-2012 жылдарға әлеуметтік жұмыс орындарын ашу туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-82 нөмірімен тіркелген, 2009 жылдың 18 маусым айында аудандық «Жаңалық жаршысы » газетінің № 29 (1540) санында жарияланған, қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулының 1 тармағындағы 1 қосымшасы осы қаулыдағы 1 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда оқылсын;
қаулының 3 тармағындағы «15000 теңге» деген сандар «20000 теңге» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Рахметовке жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан Әкімі: Е.Есенбаев
Әйтеке би ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 26 наурыздағы
№ 73 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
ҚОСЫМША № 1
Әйтеке би ауданында 2009-2012 жылдарға әлеуметтік жұмыс орындары ашылатын кәсіпорындардың тізбесі
«Қазақавтожол» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
«Қарабұтақ орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
«Қайнар»мемлекеттік коммуналдық мекеме (келісім бойынша)
«Қарабұтақ» ЖШС (келісім бойынша)
«Жамбыл-С» ЖШС (келісім бойынша)
«Комсомол» ЖШС (келісім бойынша)
«Щербаков» ЖШС (келісім бойынша)
«Псков» ЖШС (келісім бойынша)
«Құмқұдық» ЖШС (келісім бойынша)
«Бұлақ» Жшқ (келісім бойынша)
«Еңбек-Агро» ЖШС (келісім бойынша)
«Ақтасты» ЖШС (келісім бойынша)
«Алтынсарино» ЖШС (келісім бойынша)
«Алға» ЖШС (келісім бойынша)
«Өлкем» ЖШС (келісім бойынша)
«МТС Бөгеткқл» ЖШС (келісім бойынша)
«Жан-Нұр» Жеке шаруа қожалығы (келісім бойынша)
«Алуа» Жеке шаруа қожалығы (келісім бойынша)
«Бекнұр» Жеке шаруа қожалығы (келісім бойынша)
ЖК С.Ыбраев (келісім бойынша)
ЖК М.Ещанов (келісім бойынша)
ЖК Р.Жанатаева (келісім бойынша)
ЖК Р.Жалғасбаева (келісім бойынша)
ШҚ «Дәулет» (келісім бойынша)
ЖК «Г. Нұржанова» (келісім бойынша)
ЖК «Әміртай» (келісім бойынша)
ЖК «Суйлеменова Ботагоз» (келісім бойынша)
ЖК «Амитов» (келісім бойынша)
ЖШҚ «Самет» (келісім бойынша)
ЖШҚ «Азамат» (келісім бойынша)
ЖШҚ «Жаназар» (келісім бойынша)
ЖШҚ «Айтым» (келісім бойынша)
ЖШҚ «Даулет» (келісім бойынша)
ЖШҚ «Юлия» (келісім бойынша)
ЖШҚ «Шынғыс» (келісім бойынша)