Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, 37 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7, 9, 18-1 баптарына сәйкес халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдем беру жөніндегі шараларын кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әйтеке би ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындары ашылатын кәсіпорындардың тізбесі бекітілсін. (Қосымша N 1)
2. Бірінші кезекте халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін ашылған әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру Әйтеке би аудандық қаржы бөліміне (А.Сапаров) тапсырылсын.
3. Жұмыс берушілермен келісім-шартқа отыру кезінде жол картасы аясында әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмысшылардың еңбекақысының көлемі олардың нақты мүмкіндіктеріне сәйкес белгіленсін. Жол картасы аясында әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмысшылардың еңбекақысы шығындарын жұмыс берушілерге 20000 теңгеден аспайтын мөлшерде жергілікті бюджеттен ішінара өтеу жүргізілсін.
Ескерту. 3 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық әкімиятының 2010.03.26 № 73 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) қаулысымен; 3 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық әкімиятының 2010.07.16 № 145 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) қаулысымен.
4. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 22 шілдедегі N 309 "Әйтеке би ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ашу туралы" Әйтеке би аудандық әділет басқармасында 2008 жылғы 07 тамызда N 3-2-58 тізіліммен өткен және N 33 санды 14 тамыздағы 2008 жылы ресми жарияланған қаулысының күші жойылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Нуршинге жүктелсін.
6. Бұл қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: | Е.Есенбаев |
Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 10 сәуірдегі N 167 қаулысымен бекітілген ҚОСЫМША N 1 |
Әйтеке би ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындары ашылатын кәсіпорындардың тізбесі
"Қазақавтожол" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)"Қарабұтақ орман шаруашылығы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
"Қайнар"мемлекеттік коммуналдық мекеме (келісім бойынша)
"Қарабұтақ" ЖШС (келісім бойынша)
"Жамбыл-С" ЖШС (келісім бойынша)
"Комсомол" ЖШС (келісім бойынша)
"Щербаков" ЖШС (келісім бойынша)
"Псков" ЖШС (келісім бойынша)
"Құмқұдық" ЖШС (келісім бойынша)
"Бұлақ" Жшқ (келісім бойынша)
"Еңбек-Агро" ЖШС (келісім бойынша)
"Ақтасты" ЖШС (келісім бойынша)
"Алтынсарино" ЖШС (келісім бойынша)
"Алға" ЖШС (келісім бойынша)
"Өлкем" ЖШС (келісім бойынша)
"МТС Бөгеткқл" ЖШС (келісім бойынша)
"Жан-Нұр" Жеке шаруа қожалығы (келісім бойынша)
"Алуа" Жеке шаруа қожалығы (келісім бойынша)
"Бекнұр" Жеке шаруа қожалығы (келісім бойынша)
ЖК С.Ыбраев (келісім бойынша)
ЖК М.Ещанов (келісім бойынша)
ЖК Р.Жанатаева (келісім бойынша)
ЖК Р.Жалғасбаева (келісім бойынша)
ШҚ "Дәулет" (келісім бойынша)
ЖК "Г. Нұржанова" (келісім бойынша)
ЖК "Әміртай" (келісім бойынша)
ЖК "Суйлеменова Ботагоз" (келісім бойынша)
ЖК "Амитов" (келісім бойынша)
ЖШҚ "Самет" (келісім бойынша)
ЖШҚ "Азамат" (келісім бойынша)
ЖШҚ "Жаназар" (келісім бойынша)
ЖШҚ "Айтым" (келісім бойынша)
ЖШҚ "Даулет" (келісім бойынша)
ЖШҚ "Юлия" (келісім бойынша)
ЖШҚ "Шынғыс" (келісім бойынша)